• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Сәуір, 2020

Коронавирус індетінің шарықтау шегіне болжам жасалды

2285 рет
көрсетілді

Қазақстанда сәуір-мамыр айларында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыру шарықтау шегіне жетуі мүмкін. Бұл туралы елдегі ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты.

«Ғалымдардың алдын-ала есебі бойынша, Қазақстандағы коронавирус инфекциясының ең асқынған шағы сәуірдің соңы мен мамыр айында болады деп болжанып отыр. Бұл айларда ауру жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асуы мүмкін» деді Людмила Бюрабекова.