• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 263

384 рет
көрсетілді

2013 жылғы 19 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы

 «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қара­шадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауiптi инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 19 наурыздағы №263 қаулысымен бекiтiлген

Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер 1. Осы Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 217 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін техника, жабдық және мүкәммал сатып алуға республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртiбiн айқындайды.2. Ағымдағы нысаналы трансферттер жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған.

2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлiк) республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында қол қойылған нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы ағымдағы трансферттердi аударады.4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырушы болып табылады.5. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған сатып алынатын техника, жабдықтар және мүкәммал осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс, ал пилоттық жоба аясында сатып алынатын инсинераторлар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет.6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықтарды және мүкәммал­ды жеткізушілермен (бұдан әрі – жеткізушілер) шарттар жасасады, оларда өзге талаптармен қоса, мынадай:1) функционалдық міндеттерді орындауға арналған жеткiзiлетiн техниканың, жабдықтың және мүкәммалдың сапасына бақылау жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;2) жеткiзiлетiн функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканың, жабдықтың және мүкәммалдың сапасына жеткiзушiлердiң жауапкершiлiгi;3) функционалдық міндеттерді орындауға арналған сапасыз техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткiзушiлердi ауыстыру мерзiмдерi көзделуге тиiс. 7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарында функционалдық міндеттерді орындауға арналған сатып алынатын техниканың, жабдықтардың және мүкәммалдың сандық-сапалық жай-күйін бағалау жөнiндегi кемiнде 3 (үш) адамнан тұратын комис­сия­лар (бұдан әрі – Комиссиялар) құрылады, оның құрамына Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстағы (Астана, Алматы қаласындағы) аумақтық бөлімшесінің өкiлi енгiзiледі.8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.Комиссия функционалдық міндеттерді орындауға арналған жеткiзiлген техниканы, жабдықты және мүкәммалды бағалау қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актiсiн жасайды.9. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықтар және мүкәммалды жеткізушілер облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарына 2013 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілерін ұсынады.10. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлімшелері функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілерінің келіп түсуіне қарай, бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2013 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді, олар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда төлем төлеуге жібереді.11. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілері осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары олардың сәйкес келмеуі себеп­терін негіздей отырып, үш жұмыс күні ішінде тауарларды жеткізушілерге пысықтауға қайтарады.Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізушілер үш жұмыс күні ішінде ескертпелерді ескере отырып, пысықталған функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілерін облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.12. Тауарларды жеткізгені үшін қаржы қаражатын тиісті тауар жеткізушілердің банктегі шоттарына аударуды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесіне төлем шотының тізілімін және төлем шотын екі данада ұсыну арқылы, функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілері негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жекелеген жоспарларына сәйкес облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.13. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері функционалдық міндеттерді орындауға арналған сатып алынған техниканы, жабдықты және мүкәммалды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне қабылдау-тапсыру актілері негізінде береді.Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды қабылдау-тапсыру актілері негізінде береді.14. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскеннен кейін Министрлікке ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, ал жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, ал оларды толық игермеген жағдайда – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес себептерді көрсете отырып, ағымдағы нысаналы трансферттерді пайданалу туралы есептерді ұсынады.15. Қандай да бiр облыс, Астана, Алматы қалалары бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда, Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiпп

Соңғы жаңалықтар