2013 жылғы 29 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:1-тармақта:4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«4) білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы 2010 - 2012 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;»;мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:«4-1) агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы 2010 - 2011 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады деп белгіленсін.»;2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының материалдық-техникалық базасын дамытуға алынған таза табысты тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.»:мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:«2-3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының иелігінде қалатын есепті жылдың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.»;3-тармақта «3-1» деген сан алынып тасталсын;көрсетілген қаулыға 3-1-қосымша алынып тасталсын.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.