• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2013

Әлемдегі ірі вулкан Тынық мұхитының түбінен табылды

456 рет
көрсетілді

Американың Техас штатындағы Хьюстон университетінің ғалымдары Жапониядан шамамен 1,6 шақырым жерде орналасқан Тынық мұхитының солтүстік-батысындағы бөлігінде диаметрі 550 шақырым, ұзындығы 4 шақырымнан асатын ірі вулканның бар екенін дәлелдеп берді. Бұл туралы «Нэйчур геосайнес» ғылыми журналының электронды үлгісінде жарияланған мәліметке сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Бұдан бұрын бұл жерде шағын көлемді көптеген вулкандар бар деп есептелген. Алайда, зерттеушілер сейсмикалық барлау тәсілін қолдана отырып, шағын вулкандардың барлығы тұтас бір геологиялық құрылымды құрайтынын анықтады.

Вулкан шамамен 145 млн. жыл бұрын түзілген. Оның құрылымын анықтау үшін ғалымдарға мұхит түбінде тереңдігі 170 метр ұңғыма қазуға тура келген.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар