Covid-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында елімізде жарияланған Төтенше жағдай аясында жүргізілген рейд нәтижесінде 2020 жылдың 16-наурызынан бастап 129 көлік режимді бұзғаны үшін көлік тұрағына орналастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Облыста карантин басталғаннан бері 224 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 41-і қамауға алынды, 31 тұлғаға айыппұл салынған.
Сондай-ақ, шектік уақыттан кейін көшеде себепсіз жүргені үшін 84 адам ҚР әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде біреуі қамауға алынып, 23 адамға айыппұл салынды.
Бүгінгі таңда полиция бөлімшесінің барлық қызметкерлері жаяу және жол-патрульдік жұмыстарға жұмылдырылды. Ұлттық гвардия әскерлері тұрғындарға үйде болу қажеттілігі туралы түсіндіру шарасына тартылды. Облыста 8 блоктық және 7 жылжымалы посттар ұйымдастырылды.
Маңғыстау облысы