• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2013

G-Global мегажобасының тұсаукесері

605 рет
көрсетілді

Санкт-Петербургтегі G20 саммиті қарсаңында Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы әлемдік қоғамдастыққа жаһандық ынтымақтастық пішінін кеңейтуге бағытталған G-GLOBAL халықаралық жобасының тұсауын кесті.

Санкт-Петербургтегі G20 саммиті қарсаңында Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы әлемдік қоғамдастыққа жаһандық ынтымақтастық пішінін кеңейтуге бағытталған G-GLOBAL халықаралық жобасының тұсауын кесті.

Әлемдік қоғамдастықты біріктіруге шақыратын ғаламтор алаңының басты парағы әлем үшін маңызды және ірі жобалар туралы қысқа ақпараттар мен сілтемелерді қамтиды.

G-Global басты жобасы, ол – 2013 жылғы мамырда өткен Астана экономикалық форумы және Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция.

АЭФ және ДҚБК-мен қатар,­ G-Global сайтында Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­лары­ның съезі және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі сынды жобалар талқылану үстінде. Атом жо­басы туралы ақпаратты да осы сайттан таба аласыз.

4 қыркүйектен бастап G-Global Expert интернет-жобасы – эконо­ми­ка, қаржы, тұрақты даму және энергетика салаларындағы кең ауқымды тақырыптарды қам­титын сарапшы ойлары мен тү­сініктемелерден тұратын интернет алаңы да іске қосылды.

G-Global мегажобасының халық­аралық тобы: әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының съезі, экспо-2017 ха­лық­аралық көрмесі, «жасыл көпір» халықаралық экологиялық бағ­дар­ламасы, атом ядролық қаруға қарсы жобасы www.Group-global.оrg. Сайтын қарауға шақырамыз. Жаһандық экономика және қар­жы­ны дамыту мәселелерін талқылауда алдыңғы қатарлы сарапшыларға қосыл!

Соңғы жаңалықтар