• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2013

Қарапайымдылықты қадір тұттық

375 рет
көрсетілді

Мен еліміз тәуелсіздігін алған соң, 1992 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағынан атажұртқа алғашқы лекпен жеткендердің бірі едім. Арқалық қаласының іргесіндегі «Целинный» ауылына тұрақтадық. Өзімнің мамандығым экономист болатын. Атажұртқа көшердің алдында мектепте тарих пәнінен сабақ бердім. Бірақ атажұртқа келген соң менің білі­міммен мұндағы мектептерде қызмет істеу мүмкін болмады. Ұстаздық сүйікті ісім болса да, оны амалсыз Целинный ауылындағы мал шаруашылығындағы, ауыл­дық кеңестегі жұмыстармен алмастыруға тура келді. Ал анамыз Дариман Байсейітқызы педагогика техникумын бітірген болатын, ғұмыр бойы бастауыш сыныптарда ұстаздық етті. Оның алдынан талай бала әріп танып, білім нәріне сусындады. Қазір екеуміз де зейнеткерміз, балалар мен немерелердің ортасында бақытты қарттығымыздың несібесін көріп отырмыз. Біздер құрмет тұтқан кәсіпті ұлымыз бен қыздарымыз жалғастырды.

Біздің отбасымыз үшін әу бас­тан ұстаздық мамандықтың беделі үлкен болды. Себебі, үй­де отырғанда балалардың анасы екеуміздің әңгімеміз кітап, білім туралы өрбитін. Дариман өз балаларымызға үлгіні алыстан іздемейтін. Ол мектептегі жақсы оқитын оқушыларды мақтаныш етіп, үнемі айтып отыратын. Сонда бала тәртіпті, үлгілі болуға алға ұмтылады және сол анасы айтқан балаларды бедел санап, сыйлап өседі екен. Біз халқымыздың тілін, дінін, дәстүрін, ата-салтын ту еткен жандармыз. Моңғолияда туып өссек те, ана тіл деп атажұртты іздеген едік. Балаларымыз да тілдің, сөздің қадірін бағалап өсті.

Үлкеніміз, ұлым Төлеу ұстаз­дық жолды қалады. Аста­надағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітіріп, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Қазір Қостанай мемлекеттік пе­дагогикалық институтында қыз­мет істейді. Жаңа оқу жылынан бас­тап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде саясаттану мамандығының ма­гистрі. Үйленді, балалы болды. Одан кейінгі Нұржан деген қызым Қостанай ауданындағы Глазунов орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Ол әдістемесі озық мұғалімдер қатарында, биылғы оқу жылы басталарда облыс әкімінің мақ­тау қағазымен марапатталды. Өз еңбегі өзіне қуаныш екеніне шү­кіршілік етіп отырамыз. Айжан деген қызым Ақмола облысындағы Есіл қаласындағы №3 қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі. Оның 4 оқушысы «Алтын белгі» иегері атанды. Дариман екеуміздің кенжеміз егіз қыз балалар – Шолпан-Айнұр да мұғалімдік мамандықты қалады. Олар Арқалық педагогика институтының тарих және география факультетін бітірген болатын. Қазір Шолпан Лисаков қаласындағы қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет істейді. Оның оқушылары да республикалық олимпиадалардан жүлдемен оралып жүр. Ал Айнұрымыз Қостанай мемлекеттік педагогика институтындағы «Туризм және спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы, жас­тарды туризм ісіне баулуды қолға алды. Магистратураны география мамандығы бойынша бітірді. Оның түлектері елімізде, алыс және жақын шетелдерде туризм саласында қызмет етеді. Төлеуімнің жолдасы, келінім Фариза да біздің династияға қосылды, ол да ұстаз. Қостанай педагогика колледжінде психологиядан дәрі

Соңғы жаңалықтар