• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Сәуір, 2020

Елордада коронавирусты анықтауға арналған мобильді бекет іске қосылды

202 рет
көрсетілді

15 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясымен (COVID-19) күресу мақсатында биоматериалды жинаушы алғашқы мобильді бекет іске қосылды. Бекеттердің базасы арқылы тегін экспресс-тестілеуден және ПТР әдістемесімен анализден өтуге болады.

Аталған шара инфекция жұқтырған адамдарды уақытында анықтап, оларды емдеуге және аурудың адамдар арасында әрі қарай таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

«Aitas KZ» АҚ жобаның демеушісі бола отырып, жинаушы мобильді бекетті іске қосу үшін 39 миллион теңге бөліп отыр. Жобаның операторы – «ОЛИМП клиникалық-диагностикалық зертханалары» («ОЛИМП КДЗ»).

«Біз сіздермен бірге әлемдегі және Қазақстандағы ахуалды көріп, бақылап отырмыз. COVID-19 ауруымен күресудегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ең тиімді шаралардың бірі – инфекция жұқтырған азаматтарды дер кезінде анықтау, оларды және олармен байланыста болған адамдарды ары қарай оқшаулау. Біздің «ОЛИМП КДЗ»-мен бірлескен жобамыз бұл процесті жеделдетіп, вирустың таралу ошақтарында уақытылы шара қабылдауға жол ашады. Алғашқы мобильді бекеттер Қазақстанның төрт қаласында, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларында аптаның аяғына дейін ашылады», деді «Aitas KZ» АҚ Бас директоры Серік Толықпаев.

Биоматериал жинаушы мобильді бекеттерді құру арқылы вирустың таралу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік бар. Жинаушы мобильді бекеттерді ашық кеңістікте, нысандардан тыс әрі емдеу-алдын алу мекемелеріне жақын жерге орналастыруға болады.

Адамдарды сол бекеттерге белгілі бір уақытта, басқа пациенттермен жақындаса қоймайтын жағдайда шақырады. Сонымен қатар кезекте тұрудың қажеттігі болмайды. Әрбір пациенттен кейін санитарлық тазарту жұмысы жүргізіледі. Бекеттің медициналық персоналы пациентпен жақындаспай, байланыс микрофон арқылы, ал ПТР анализі үшін байланыс – жең арқылы орнатылады.

1 бокстың өткізу қабілеті – 1 сағатта 12 адамға жетеді. Жұмыс кестесі: 2 ауысым бойынша 7 сағат (күн сайын таңертең сағат 8-ден бастап). Штатта 4 маман: медбике, тіркеуші, санитар қызмет атқарады.

Жобаны жүзеге асыру үшін «Aitas KZ» АҚ Қазақстанның төрт қаласы үшін (Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Семей және Өскемен) 50 мың экспресс-тестті сатып алып қойған.

Бұған қосымша «Aitas KZ» АҚ аймақтар үшін 6 бірдей өкпені жасанды желдету аппаратын (ӨЖЖ – ИВЛ) және дезинфекцияға арналған 38 дана бүркуші сатып алып отыр.

Коронавирус бойынша анализді пациенттер cdl.kz сайтындағы анализ өткізу бөліміне өтінім қалдырып, тегін тапсыра алады. Егер азамат қауіп аумағында болса, онда ол міндетті түрде шақырылады. Тексерістен өтетін адамдардың тізімі Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жасалады.

Экспресс-тестілеу мен ПТР зерттеу бойынша биоматериалды жинау тәртібі:

 

 

Жобаны Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларының әкімдігінің қолдауымен «Aitas KZ» АҚ мен «ОЛИМП КДЗ» бірлесе жүзеге асыруда.

Еске сала кетейік, «Aitas KZ» АҚ бұдан бұрын COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес үшін 213 миллион теңге бөлген болатын. Жинаушы мобильді бекеттерді іске қосу жобасы аталған сома аясында іске асырылған. Компания Қазақстанда ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты бірқатар шараны қабылдаған еді. Атап айтқанда компания «Кус&Вкус» брендті өнімдердің бағасын өсірмей, ТЖ жағдайында өндірістік холдингті басқаруды ұйымдастыру бойынша компанияның құжаттарының https://aitas.kz сайтына ашық жариялады. Халықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1000 тонналық азаймайтын ет қалдығын сақтап, карантин мен бизнес жоқ аумақтарда волонтерлық штабтар құрды.