• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2013

Керек те қажет техникалық оқулық қазақ тілінде жарық көрді

360 рет
көрсетілді

Егемендігімізді алғаннан соң жастарымыздың бақытына ана тілімізде сапалы оқулықтар жазылып және басылып шығарылып жатыр. Біз сөз еткелі отырған еңбек техникалық жоғары оқу орнындарына арналған. Ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары ҚР МЕМББСТ негізінде «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы үшін әзірленген. Оны «Технологиялық машиналар мен жабдықтар тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру», «Көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша мамандар дайындауда тиісті пәндерді зерделеу кезінде пайдалануға да болады.

Төрт бөлімнен тұратын оқулық несиелік оқу технологиясы және студенттер білімін ЭЕМ-де тестілеу ескеріліп, Д.Серікбев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің және М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттеріне дәріс оқу тәжірибесіне сүйеніп жазылған. Еңбек студенттер үшін өте түсінікті тілде баяндалып отыр. Туындыда жоғары математика негіздері кең қол­данылғандықтан шәкірттерден біршама математикалық білімді қажет етеді.

Оқулық техника ғылым­дарының докторы Ж.Құлсейітовтің басшылығымен жазылған. Еңбекті өмірге келтіруде профессор өзінің ізбасарларын кеңінен тартқан. Олар көптеген жылдар бойы машиналардың сенімділігі проблемаларынан лекциялар оқыған техника ғылымдарының кандидаттары: профессор В. Савостенко, доценттер М.Мұздыбаев және А.Мұздыбаева.

С.НҰРАҚОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры,

техника ғылымдарының докторы.

Соңғы жаңалықтар