• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Сәуір, 2020

«Қазақтелеком» операторларының саны екі есеге артты - Қуанышбек Есекеев

346 рет
көрсетілді

Тұтынушылар интернетке байланысты мәселелерін digital-арналар мен бірыңғай байланыс орталығына хабарласып шеше алады. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев мәлім етті.

«Өкінішке қарай, біз Қазақстанның карантинге жабылған 18 қаласындағы абоненттік бөлімшелерді жабуға мәжбүр болдық. Басқа елді мекендерде жұмыс істеуді жалғастырамыз, бірақ жағдай күрделенетін болса, ол бөлімшелерді де жабамыз.  Бөлімшелер жабылғанымен, біздің клиенттер өз мәселелерін digital-арналар мен бірыңғай байланыс орталығына хабарласып шеше алады», деді  «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Оның айтуынша, карантин кезінде интернет тұтынушыларының саны едәуір артуына байланысты операторлардың саны екі есеге артқан.

«Байланыс-орталықтарының жұмыс режимі өзгеріссіз қалады. WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде, сондай-ақ telecom.kz порталында күн сайын сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін онлайн-кеңестер беріледі. Барлық байланыс арналары клиенттердің сұраныстарын жылдам әрі режимді бұзбай шешуге көмектеседі. Сондай-ақ пайдаланушының telecom.kz-тегі жеке шотының мүмкіндіктері кеңейтілді», деді ол.