Кеше кешкісін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам белгілі болды.
Науқастың жасы 79-да. Ол өкпесіне суық тиген деген диагнозбен пульмонологиялық орталыққа жатқызылған екен. Кейіннен оның бойында вирус белгілерінің барлығы зертханалық негізде расталған.
Бүгінгі күні облыста COVID-19 жұқтырудың 82 оқиғасы ресми тіркелген. Бір адам індеттен қайтыс болды. Екі науқас сырқаттарынан құлан-таза айығып, қазіргі уақытта үй жағдайындағы карантинге көшірілген.