• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2013

«Smart city» – ақылды қала Астана

4080 рет
көрсетілді

Астананың асқақтығы – мемлекеттің мерейі

«Ертеңі ертегідей елорда» атты тіркестің аңыздан ақиқатқа айналатындығының әлден-ақ куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысының тікелей басшылығымен жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған елорданың даму бағдарламалары қаралатын кеңестің биылғы отырысында Елбасы Астананы болашақ қаласы ретінде дамытудың «Smart City» – «Ақылды қала» халықаралық форматының «Smart Astana» жобасын 2017 жылға дейін іс жүзіне асыру міндетін күн тәртібіне қойған болатын.

 

«Ертеңі ертегідей елорда» атты тіркестің аңыздан ақиқатқа айналатындығының әлден-ақ куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысының тікелей басшылығымен жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған елорданың даму бағдарламалары қаралатын кеңестің биылғы отырысында Елбасы Астананы болашақ қаласы ретінде дамытудың «Smart City» – «Ақылды қала» халықаралық форматының «Smart Astana» жобасын 2017 жылға дейін іс жүзіне асыру міндетін күн тәртібіне қойған болатын.

Міне, осы бір келелі міндетті орындау мақсатында Астана қа­ла­сының әкімдігі «Smart Astana» тұ­ғырнамасы аясындағы екі ірі жобаны – «Қауіпсіз қала – Астана қаласының тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесі». (ТҚКҚЖ) және «Интеллектуалды көлік жүйесі» жобаларын іс жүзіне асыруды қолға алды. «Smart Astana» жобасының басты мақсаты елорда тұрғындарының тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын арттыру, Астана қала­сының инфрақұрылымын жақ­сар­ту және одан әрі жаңғырту, қоғамдық қауіпсіздік дәрежесін арттыру бо­лып табылады. Бұл заманауи жо­ба­ның негізгі операторы «Astana Innovations» АҚ болып отыр. «Smart Astana» жобасы үлгісінің негізіне мынандай алты тұғырнамаға не­гіз­делген еуропалық «ақылды» қала­ларды дамыту моделі алынған: ақыл­ды экономика, ақылды басқару, ақылды өмір сүру деңгейі, ақылды жұмылу, ақылды адамдар және ақыл­ды қоршаған орта.

ҚАЛА ҚЫЗМЕТІ ҚАЛТҚЫСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Өркениет биігіне ұмтылған дамыған елдерде «ақылды» қа­ла­лар қалыптастыру бүгінде әлемдік үрдіске айналған. Бұл үрдісті ұстанған елдердің басты мақсаты қалалардың тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін барынша дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру дәрежесін биік деңгейге көтеру болып табылады. «Ақылды» қалалар қатарына экономикалық, экологиялық және әлеуметтік деңгейлері тұрақты, қызмет көрсету инфрақұрылымы дамыған қалалар жатады. Өз кезегінде «ақылды» қала жобасына қосылған қалаларға дарынды мамандар және заманауи инновациялар көптеп тартылады.

Астана қаласының әкімдігі қала­лық қызмет көрсету мекемелерінің және қала тұрғындарының өзара тығыз байланыстағы мүмкіндіктерін ескере келіп, елордамыздың тұр­ғындарына және қонақтарына әлемнің ең дамыған қалалары сияқты жоғары технологиялық қызмет түр­лерін көрсету мақсатындағы батыл қадамдарды жүзеге асыруды қолға алды. Бұл ретте Астана әлемнің көшбастаушы «ақылды» қалаларының тәжірибесін үлгі тұтуда. Мәселен, Сеул қаласында жол қозғалысын басқару технологияларын барынша жетілдірудің нәтижесінде сапалы да қауіпсіз көлік қозғалысына қол жеткізілді. Гонконг қаласының тұрғындары қала қыз­метінің барлық түрлеріне, атап айтқанда, дүкендерден қажетті заттарын сатып алуға, парковкаларға ақы төлеуге, қалалық қоғамдық көліктің жолақысын төлеуге бір ғана электронды картаны пайдаланады. Ал Токио қаласының тұрғындары құ­бырлармен келетін судың шығынын анықтайтын өлшегіш құралдарды қолдану арқылы сенімді де арзан су көзіне қол жеткізіп, адамзат үшін аса қымбат ауыз суды тиімді үнемдеуге бет бұрған. Міне, әлемдік озық қалалардың тұрғындарға және қала қонақтарына қызмет көрсету жұмысындағы осындай озық үл­гілерін тәжірибеге ала отырып, Астана болашақта әлемдік «ақылды» қалалар көшбасшысына айналмақ. ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесі төрткүл дүниеге есігін айқара ашатын кезеңде елордамыз әлемдегі ең ақылды 50 қаланың қатарына қосылмақ.

Қалалық әкімдік жүзеге асырылатын осы жобаның өміршеңдегі ме н ауқымдылығын ескере келіп, Smart Astana жобасын іс жүзіне асыру жұмыстарына кеңесші ретінде дүние жүзіне кеңінен танымал PricewaterhouseCoopers (PwC) компаниясын тартты. Бұл компания дүние жүзінде Smart City жобаларын жүзеге асыруда жоғары кәсіби деңгейдегі консалтингтік және аудиттік қызмет көрсетеді. Компания әлемдегі аудиттік компаниялардың «үлкен төрттігінің» құрамына кіреді және әлемнің 158 мемлекетінің 180 мың мамандарын біріктіреді. Елорданы көркейту және дамыту мақсатында бірқатар ауқымды шараларды іс жүзіне асырып үлгерген қала әкімдігі заманауи Smart Astana жобасының «жол картасын» жасау міндетін осы әлемге танымал PwC компаниясына жүктеді. Компания осы ауқымды жобаның «Қауіпсіз қала – Астана қаласының тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» (ТҚКҚЖ) атты қанатқақты жобасын іске асыру жұмыстарын қолға алды.

ҚАУІПСІЗ КӨШЕ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА

Осы қанатқақты жобаның тұ­сау­кесері ретіндегі баспасөз мәслихатында PwC компаниясы тарапынан Smart Astana жобасының жетекшісі Рахуль Губта өздері қолға алып отырған жұмыстың жай-жапсарын кеңінен баяндады. Оның айтуынша, «ақылды» қалалар қалыптастыру бүгінде әлемдегі озық технологиялы елдерде кең үрдіске айналған. Рахуль Губта мырзаның мәлімдеуінше, Smart Astana заманауи жобасы елордамыздың тұрмыс-тіршілігінің барлық саласын қамтитын болады. Атап айтқанда, бұл жоба қалалық инфрақұрылымды, әлеуметтік са­ланы, экологиялық ахуалды, ақ­па­раттық-коммуникациялық жүйе­лер­ді, мәдениет және демалыс сала­сын жаң­ғыртуда өміршең озық техноло­гияларды пайдалануға кең жол ашады.

Бұл жоба Астана қаласының бо­ла­шақтағы дамуына түбегейлі өз­герістер енгізумен қатар, елеу­лі тиімділік әкеледі. «Astana Innovations» АҚ-тың басқарма төрағасы Саят Нүсіповтің айтуынша, Smart Astana жобасы қалалық қызмет түрлерінің сапасын арттырумен бірге, жаңа өндірістердің ашылуына жағдай жасайды. Мәселен, осы жобаның қанатқақты жүйелерін іс жүзіне асыру барысында есептегіш құралдар, сенсорлар, кабельдер және басқа интеллектуалдық өнімдер шығару жөніндегі өндіріс орындары ашылады. Басқаша айтсақ, бұл кешенді жоба елорданың дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеретін болады.

Таяу болашақтағы төрт жылда Астана қаласы төрткүл дүниенің назарын өзіне аударатындығы белгілі. ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесін тамашалауға әлемнің барлық өңірлерінен миллиондаған қонақтар келеді. Міне, нақ осы кезеңде Астана тұрғындарға және қала қонақтарына заманауи озық технологиялар арқылы қызмет көрсететін ақылды да сапалы қалаға айналуға тиіс. PwC компаниясының өкілі Рахуль Губтаның айтуынша, Бүкіләлемдік көрме алауы жағылған кезде Астана болашақ энергиясының озық технологияларын өндіріске енгізіп, әлемдегі ең «ақылды» елу қалалардың қатарына қосылады. Smart Astana жобасының «жол картасын» өндіріске енгізу арқылы Астана қалалық шаруашылықта қызмет көрсету түрлері бойынша озық үлгілерді іс жүзіне асыра­тын болады. Өз кезегінде бұл үрдіс қаланың дамуына, бизнес сала­сы­ның өркендеуіне жаңа инновациялар әкеліп, талантты мамандарды кеңі­нен тартуға ықпал ететін болады.

Жоғарыда атап көрсеткеніміз­дей, бұл ауқымды істерді жүзеге асырудың алғашқы қарлығашы ретінде ТҚКҚЖ қанатқақты жобасы алынып отыр. Бұл қанатқақты жоба қаладағы құқық тәртібін жақсартуға, қала қызметінің барлық түрлерінің үзіліссіз жұмыс істеуіне, қала инфрақұрылымының, оның ішінде көлік қызметінің сапалы дәрежеге көтерілуіне ықпал жасайды. Мемлекет басшысы қала әкімдігінің алдына Бүкіләлемдік көрме өткізу кезеңінде елордада ерекше қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруды, оның ішінде қала көшелері мен елеулі нысандарға бейнекамералар орнату қажеттігін тапсырған болатын. Міне, осы тап­сырманы жүзеге асыру мақсатындағы ТҚКҚЖ қанатқақты жобасы ауқымында «Қазақтелеком» АҚ кешенді міндеттерді іс жүзіне асыруда.

Атап айтқанда, осы жоба шең­берінде қалалық жедел басқару ор­талығының құрылысын салу жұ­мысы қолға алынбақ. Қала көше­лері мен нысандарына 30 мыңнан астам бейнекамералар орнатылмақ. Бейнекамералар қалалық көлік жүйесін және жалпы­қалалық инфрақұрылымды, атап айтқанда, елордадағы барлық медициналық мекемелерді, балалар бақшаларын, көпірлерді, жол өткелдерін тү­гел­дей қамтитын болады. Бұл бей­не­камералардың барлығы бір орта­лыққа қосылып, бірыңғай қалалық бейнебақылау жүйесін құрайды.

Осы қанатқақты жобаның бір саласы «Қауіпсіз автобус» деп аталады. Яғни қаладағы қоғамдық көліктегі қауіпсіздік шаралары осы бейнекамералар арқылы бір орталықтан реттеліп отырады. Қалалық жедел басқару орталығында көшел ердегі көлік қозғалысының ахуалы, қоғамдық көліктерді неғұрлым қауіпсіз аймақтарға бағыттау мәселелері шешім табатын болады. Сонымен бірге, қалалық жедел басқару орталығына қалалық жылумен және сумен қамтамасыз ету қызметтерінің, электр тарату желілерінің жұмысы жөніндегі ақпарат тұрақты келіп тұрады. Орталық осы ақпараттарды сараптау арқылы қалалық коммуналдық жүйелердің жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында ұтымды шешімдер қабылдап, нақты шараларды жүзеге асыратын болады. Қалалық жедел басқару орталығында отыратын кезекші барлық мәселелерді жедел шешу өкілеттігін алады. Ол қалалық көлік және коммуналдық қызмет түрлеріндегі орын алған кемшіліктердің алдын алып, апаттық жағдайлардың орын алуына дер кезінде тосқауыл қоятын болады.

Қалалық жедел басқару орталығы қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда қажетті көмек көрсетудің барлық тетіктерін жүзеге асыратын болады. Осы ретте орталық қаланың барлық басқармаларымен, оның ішінде жедел медициналық жәрдем көрсету орталықтарымен ұдайы тікелей байланыста болады. Қорыта айтқанда, ТҚКҚЖ қанатқақты жобасын іс жүзіне асыру Астана қаласындағы қоғамдық көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттырып, барлық көпшілік орындардағы қоғамдық қауіпсіздіктің деңгейін жақсартып, қала тұрғындары мен қонақтарына жоғары деңгейдегі қолайлы жағдай жасайды.

ЖЕДЕЛ ДЕ ҚАУІПСІЗ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ

Ақылды қала әлемдік үрді­сі­нің Астанадағы ауқымды жоба­ларының шеңберінде атқарылатын екінші ірі жоба – «Интеллектуалды көлік жүйесі» (ИКЖ) қанатқақты жобасы болып табылады. Өркениет әлемінде озық үрдіс болып саналатын бұл өміршең жобаны жүзеге асыру міндеті – «Typsa» атты испаниялық компанияға жүктелді. Компанияның аймақтық менеджері Карлос Сайягоның айтуынша, үстіміздегі жылдың шілде айында олар Астана қаласының кешенді көлік жүйесін қалыптастыру жө­ніндегі бас жос­парды жасау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз болып танылған.

Астана қалалық әкімдігінің бұл компанияны таңдауы тегін емес. Әлемнің ірі қалаларында жедел де қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыруда компанияның бай тәжірибесі бар. Атап айтқанда, «Typsa» компаниясы әлемнің 60 мемлекетінде осындай кешенді жобаларды жүзеге асырған. Бүгінде компанияның 34 халықаралық бөлімшелерінде 1900-ден астам білікті де тәжірибелі мамандар қызмет атқарады. «Typsa» компаниясы қызметінің негізгі бағыты қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыру, архитектура және құрылыс саласы болып табылады. Сонымен бірге, бұл компания баламалы қуат көздерін дамыту мақсатында да озық тәжірибелерді жүзеге асырып келеді.

«Smart Astana» кешенді бағ­­дар­­ламасы бойынша жүзеге асы­рылғалы отырған ИКЖ қанатқақты жобасы қала көшелерімен күн сайын 400 мыңнан астам көлік қаты­най­тын Астана үшін ауадай қажет. Тар жолдардың ұзына бойы автомашиналар қойылатын көлік тұрағына айналған, көлік кептелісі жиі болатын елорданың көлік инфрақұрылымын заманауи та­лап­тарға сай қайта құру уақыт талабы. Сондықтан әлемдік деңгейде бай тәжірибесі бар компанияның осы бір келелі міндетті қолға алуы бо­ла­шақтағы нәтижеден көп үміт күт­тіреді.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қар­масының бастығы Рашид Аман­жоловтың айтуынша, «Typsa» компаниясының бұл жобасы іс жүзіне асырылған кезде елордада жолаушылар қаланың бір шетінен екінші шетіне орта есеппен 20 минутта жететін болады. Қазір таңертеңгілік үйінен шық­қан қарапайым астаналықтар жұмыс орнына жеткенше орта есеппен кем дегенде 50 минут уақыт шығындайды екен. Рашид Аманжоловтың мәлімдеуінше, бүгінде Есілдің қос жағалауын қаламызда салынған бес көпір жалғастырады. Олардың барлығына да белгіленген мөлшерден тыс салмақ түседі. Міне, осы көпірлердің біріне апаратын Сарыарқа даңғылы арқылы тәулігіне 80 мың көлік өтеді. Осы даңғылдың жол өткелдерінде таңертең, түсте және кешкілік уақытта орасан зор кептеліс орын алып, көліктер сағаттап тұрады.

«Typsa» компаниясы іске қоса­тын «Интеллектуалды көлік жүйесі» қанатқақты жобасының нәти­жесінде қала көшелерінде «ақыл­д­ы бағдаршамдардың» жаңа технологиялық жүйесін енгізу қарастырылуда. Басқарма басшы­сының айтуынша, мәселен, бір көше қиылысында көліктер көп жиналып, кептеліс орын алатын болса, барлық бағдаршамдар оған жедел үн қатып, кептелісті жоюға жұмылады. Яғни «ақылды бағдаршамдар» көлік тасқынын тиімді реттей отырып, көліктерді қозғалыс аз көшелерге бағыттап отырады. Сонымен бірге, жаңа жол салған кезде жол қозғалысы үшін қанша ж