• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қыркүйек, 2013

Бөрітонды, бөрібасты, бөрікөзді Жидебай батыр асы халықтық мереке ретінде аталып өтті

497 рет
көрсетілді

Батырда ру болмайды. Ру ауыл арасындағы барымтада жүрген батырсымақ барымташыларда болады. Сондықтан да әр батырға әр қазақ баласының таласы бар. Туған тарихын айтқанда қазақ баласы анаған бір жүгініп, мынаған бір жүгініп, шындықтың шылбырынан ұстай алмай дел-сал болмаған. Жүгінсе қазақ баласы Мәшекеңе жүгінген. Әргі-бергі тарихты Мәшһүр-Жүсіптей қотарған жылнамашы қазақ баласында жоқ. Сол Мәшекең айтады: «Абылай ханның заманындағы қазақ жұртынан шыққан батырлар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы Көкжал Барақ... Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары... Балтакерей Тұрсынбай, Тарақты Байғозы, он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай, Малай, Жәдігерден Жауғаш, Биғаш, бөрітонды, бөртеатты, бөрібас Орманшы, Ақсары Шотана, Қозған Биікше мерген, қарауылшысы Әлтеке Жидебай, Уақ Сары Баян. Бұл айтылған батырлардың бәрі де Ербекейше бұзау жарып батыр атанған емес, жалғыз жүріп қалмақтың қамалын бұзған батырлар...

Алтын қақпалы қорғанды бұзатұғын жолда Сырым Малайсары да бар еді, Шанышқылы Бердіқожа да бар еді…» деп.

Жақында маужыраған тамыздың 17-18 күндері Шет және Ақтоғай аудандарының жерінде атақты Жидебай батырға арнап ас берілді. Мәшекең Абылайдың қарауылшысы деп айтқан Жидебай батыр.

Шет ауданының тұмсығынан бес шақырым жерде батырдың кесенесі орын тепкен. Оны бүгінде Батырбасы дейді. Ұрпақтары аталмыш мазарды қоршап, жан-жағын ретке келтіріп, тәу етер орынға айналдырған. Оның басында шырақшы үйінен бастап келушілерге арналған барлық жағдай жасалған. Өйткені, қалың ел батырды әулие деп те біледі. Бұл жерде бір шикіөкпеге зар болып, бала сұрап келушілер нөпірі бір толастаған емес.

«Жеті-сегізден жаңа асқан кезінде Дос батырдың қара шаңырағында отырған інісі Әлмұрат байдың үйіне Қаракерей Қабанбай батыр келіпті деп Жидебайдың құлағына тиді. Барсам-ау, көрсем-ау деп, Жидебайдың түні бойы көзі ілінбей алас ұрды. Таң жаңа атуға сәуле беріп келе жатқан қарсаңда көзі ілініп кетіп еді. Бабасы Дос батыр түсінде аян берді.

– Балам, алашқа аты шыққан Қабанбай батырдан барып бата алып қал, – деп.

Шошып оянып, ұшып түрегеліп, үстінде боз жейдесі бар, құстай ұшып бара жатса, Қабанбай батыр да жорыққа аттанып, алаңқарақта жүріп барады екен. Алыстан немене екенін айырып, тани алмады. Еліктей ұшып келе жатқан бала екенін таныған соң, тосып тұра қалды. Бала жетіп келіп:

– Ата, маған керек бата, – деді.

– Түнде түсімде Дос батыр айтып еді. Жарайсың, жарайсың, – деп бата-сатаны береді.

– Төрт алмажайым бар еді. Біреуін саған байладым, ал балам, – деп Қабанбай батыр жүре береді.

Сөйтсе, төрт алмажайының бірі қызыл түлкі дегені болады екен. Сонысын беріп кеткен екен.

Абылайхан үш жүздің баласы қазаққа хан болғанда Әлтеке – Сарым Жидебай атақты батырының бірі болып, Абылайханға қолбасы болған екен. Бір жаққа аттанарда, қосын жүргізерде Үйсіннен ақ шабдар атты алғызып, Әлтеке – Сарым Жидебайға мінгізеді екен. Жидебайға айсыз қараңғы түн тал түстей жарық, боран-соран ашық күндей, жан таба алмаған жерді көріп қойғандай табады екен. Біреудің пышақ, шақпағы бара жатқанда қ

Соңғы жаңалықтар