Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығыныда өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов мәлімдеді.
Жылыжайда өсірілетін көкөніс дақылдарының көлемін 27 гектардан 34 гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Көкөніс дақылдарының көлемін ұлғайту мақсатында Ақтаудан 1 гектар, Жаңаөзеннен 1 гектар, Қарақия ауданынан 1 гектар, Маңғыстау ауданынан 0,5 гектар, Мұнайлы ауданынан 1,3 гектар, Түпқараған ауданынан 2 гектар және Бейнеу ауданынан 0,2 гектар жер бөлінеді.