• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Маңғыстауда құны 122 млн теңгені құрайтын 61 агроөнеркәсіп субъектісі қолдау тапты

255 рет
көрсетілді

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды.

Өңірде ауылшаруашылығы саласында су тапшылығы мәселесі жоқ емес. Дегенмен, осы салада нәпақасын тауып жүрген кәсіпкерлергемемлекет тарапынан көптеп көмектер берілуде. Жалпы облыс бойынша инвестициялық жобаларға437 млн. теңге бөлінген. Қосымша 650 млн теңгегесұраныс жолданды.

-Бүгінде 61 агроөнеркәсіп субектісі мемлекеттарапынан қолдау тапты. Оның ішінде 33 құдыққазылды. Бұл құдықтарға қаражаттың 50 пайызыреспубликадан бөлінсе, 30 пайызын жергіліктібюджет қамтамасыз етеді, деді Маңғыстау облысыәкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов.

​Осыған дейін қойылған талап бойыншақазылатын құдық 100 метрден төмен болмау керекболса, қазіргі таңда 375 метрге дейін ұзарту белгіленген.