Осыдан үш жыл бұрын Халық әртісі Болат Аюханов мәдениет және өнер саласының «International Socrates Prize» атты Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі туралы дүниежүзі басылымдары жарыса жазды. Жүлдеге ұсынған Еуропалық Бизнес Ассамблея Аталымдық комитетінің (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) бас директоры Джон В.Нетти «Сізді жоғарғы қоғамдық баға алғаныңызбен құттықтаймыз. Бұл сіздің әлемдік өнерге және Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы балет ұжымының жетекшісі ретінде қосқан үлесіңіздің мойындалғаны», деп ілтипатын білдірді. Шынында да «Socrates Award Ceremony» атты Халықаралық Сократ сыйлығы – бұл кәсіби саладағы жоғарғы жетістіктердің бағасы, ең жоғарғы, халықаралық дәрежеде мойындалғандықтың белгісі болатын.
Осыдан үш жыл бұрын Халық әртісі Болат Аюханов мәдениет және өнер саласының «International Socrates Prize» атты Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі туралы дүниежүзі басылымдары жарыса жазды. Жүлдеге ұсынған Еуропалық Бизнес Ассамблея Аталымдық комитетінің (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) бас директоры Джон В.Нетти «Сізді жоғарғы қоғамдық баға алғаныңызбен құттықтаймыз. Бұл сіздің әлемдік өнерге және Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы балет ұжымының жетекшісі ретінде қосқан үлесіңіздің мойындалғаны», деп ілтипатын білдірді. Шынында да «Socrates Award Ceremony» атты Халықаралық Сократ сыйлығы – бұл кәсіби саладағы жоғарғы жетістіктердің бағасы, ең жоғарғы, халықаралық дәрежеде мойындалғандықтың белгісі болатын.
Қырық бес жылдың ішінде «Алматының жас балеті» репертуары бай, шеберлігі жоғары Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналып, бүкіл тірлік тынысы біздің көз алдымызда өтуде. Аюхановтың қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық, графикалық па, зергерлік пе, әйтеуір, кез келген қойылымының бүге-шігесіне шейін дәл, нақтылық тән. Соның арқасында шетелге де, республикамызға да кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен бұл ансамбль әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына еніп отыр. Болат Ғазизұлының «Менің балетім», «Сезімдер өмірбаяны» атты кітаптары бар. Соңғысына алғысөз жазып, кезінде өңдеп-дайындалуына қол ұшын бергенмін. Еуропа мәдениетінің 20-шы ғасырдағы 60 жарық жұлдызы туралы шығатын 25 кітаптың біреуі Аюхановтың өмірі мен өнеріне арналған (авторы австралиялық өнер зерттеушісі Юри Рюнтю). Арнайы шақырумен Түркияда «Махаббат аңызы», Ташкентте «Алдар Көсе» балеттерін қойған, көптеген медаль, орден иегері. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ыстамбұл, Семей, Екібастұз қалаларының құрметті азаматы
Саналы өмірін балет өнеріне арнаған Болат Ғазизұлының қойған қойылымдары, тәрбиелеген шәкірттері қазақ балет өнерінің негізін қалады. Атағынан ат үркеді, толып жатқан марапатын тізіп, қолпаштай бастасаң: «Фаина Раневская айтқандай бәрі әншейін... жерлеу рәсімінің меншік заттары ғана» деп шорт кеседі. Ұдайы жанұшыра мазасызданып, тыным таппайтынынына қарамастан «уақытты асықтырғым келмейді» дейді. Аты-жөні құбылысқа айналған Аюханов жұмбағын өз басым уақыт атты құдіретпен байланыстырамын. Міне, жарты ғасырға жуық өнер аренасында уақыттың куәгері бола жүріп, дәуір дүбірінен шынайылықпен, көркемдікпен балет шежіресін жасады. Бұл оның бүкіл өмірінің мәні, мазмұны, намысы, идеялогиясы, ар-ұяты. Әрдайым қоғамның алдыңғы қатарында болып, өзінің шыққан ортасын ізгілікке, сұлулыққа, білімге баулуда. Қателесуге хақым жоқ деп есептейді, кез-келген спектаклі біртұтас, мызғымайтын мүсін іспеттес, алып-қосар мін таппайсың. Сахнада эксперимент жасамайды, қандай да қойылымы титтей күдік туғызбауы тиіс, ой елегінен өтіп, әбден пісіп-жетіліп қана ұсынылады көпшілікке. Көрермен алдындағы, мейлі ол Талдықорған, әлде Парижде ме, бәрібір, жауапкершілікті сезінуі таңғалдырады. Тұрақсыз, сөзінде тұрмайтын, шашылып-шашырап жүретіндерді ұнатпайды. Айналасындағылардан жинақылықты, тастүйін тәртіпті талап етеді. Тұрмыс-тірліктің қандай жағдайына да икемді, ірілі-ұсақты шаруаның бәрі қолынан келеді. Қасындағ ыларды тойғызып, сыйлық жасағаннан, түйткіл мәселелерін шешіп бергеннен рахат табады. Қарамағындағылардың ешқайсының қарны ашып, үй-күйсіз қалғаны жоқ. Бәріне бірден бақыт сыйлай алмағанымен, кез келгенінің мұң-мұқтажын орындауға жанұшыра жүгіреді. Ешқашан жеңіл жол таңдаған емес. Қойылымдарының хореографиялық күрделілігі сонша, академиялық басқа театр солистерінің мұны игеріп-меңгеруі екіталай. Ол үшін ұжымындағы әрбір әртіс сирек ұшырасар жауһар, кез келгенінің орны бөлек. Ансамблінің дүние жүзіне шығандаған даңқының бір себебі осы. Майя Плисецкая тәрізді «балеттің бағындырмайтын құдіреті жоқ» екеніне сенгендіктен де өмір музыкасын, әлем әуенін «көріп», таңғажайып туындыларымен таңдай қақтыруда. Жарты ғасырдан бері тынымсыз айналысқан кәсібінің әрі патшасы, әрі құлы, «менің отаным – сахна» деуінің астарында былайғылардың өресі жете қоймайтын талай сыр жасырынған.
Тарау-тарауға бөліп талдауға лайық жүз елуден астам қойылым, мыңдаған жеке концерттік бағдарламасын ерекше жаратылған, рух аристократтары ретінде қабылдап тәрбиелеген шәкірттерімен жүзеге асыруда. Бірі бәрінің, бәрі бірінің мәртебесіне қызмет еткен неткен үйлесімділік десеңізші! Классикалық үлгіден ауытқымай бекзаттыққа дағдыланғаны, жақсыны көп көргені сонша, шала-жансар дилетанттықты, жаппай орташалықты мүлдем қабылдай алмайды. Ғасырлар бойы қалыптасқан өнегені өзіндік қана қолтаңбасымен байытуына осы қасиеті ықпал етсе керек. Қала мен даланы, Ұлыбритания мен Өзбекстанды, Қырғызстанды ма... қатар таңдай қақтырған соңғы ізденістері әлемдік балетте бұрын-соңды ұшыраспаған жайт. «Аққу көлі”, “Маргаританың түсі”, “Кармен”, “Анна Павлова” , “Революция қырандары”, «Орақ пен балға»... бір-біріне еш ұқсамайтын қойылымдардың әрқайсысы алыс-жақын шетел көрермендерінің бірдей қызығушылығын туғызуда. Әлемнің қай бұрышында да ансамблін асқан қызығушылықпен қарсы алады.
Қайда сапар шексе де қазағының, мемлекетінің мәртебесін биіктетіп келеді. Өзі де сезеді ұлттық ән-күйіміздің қайталанбас құдіретін, «Ер Тарғын», «Біржан – Сара», «Абай» ма, кез келген қазақ операсының сыртқы жұртқа италия тілінде шырқалғандай әсер ететінін мақтан тұтады. Әуелден-ақ балетке сұранып тұрған дәстүр, әдет-ғұрпымыз, алтыбақан, ортеке, беташар, қыз қуу, бәйге... тәрізді ойындар, жалпы қазақтың өмір сүру салты сахналық небір мықты туындыларына арқау болғанын біледі .
«Балет – жан дүниенің музыкасы, дейді, балет – музыканың тәні, оның сүйемелдеуінде емес, музыканың өзін билейді! Бір ғана қимыл арқылы күллі сюжетті, тіпті «Гамлеттің» бе, «Джульеттаның», «Қыз Жібектің» бе, монологын көрерменге оп-оңай жеткізуге болады... Дене ән шырқайды, қолдар сөйлейді, бас билейді, аяқтар ойланады...». Тыңдай бастасаң, Болат Ғазизұлының ой-пікірі телегей-теңіз жалғаса береді. Жаратқан иесінің үйіп-төгіп берген қабілеті-ау десек те, ұзақ жылғы тұрақты табысы, жеңісінің төркінінде табан ақы, маңдай тер, тынымсыз еңбек жатқаны анық. Шығармашылық авантюра тәуекелге жақындығын да жасырмайды. Бостандығын, еркіндігін, ішкі азаттығын бәрінен жоғары қояды, әлдекімнің өзіне қалай тірлік кешуді үйреткенін қаламайды. Жан дүниесінің тылсымына кез келгенді араластырмайды, талай сырласып, әңгімелескенде байқағаным – көпке қаншалықты көмектесіп, тығырықтан шығарып, жолдарын ашып, қиындықтан құтқарып, топ, тобырдың арасында көңілді жүрсе де болмысының жападан-жалғыздығы. Бала-шағасының (шүкір, ұлы, қызы, немере, шөберелері бар) барлық жағдайын жасап, туған-туысқандарының кез келген өтінішін орындап, әріптестерін алға сүйреп, бәрін-бәрін қас-қабақтан ұғып жүгіретініне қарамастан қасындағылардан ештеңе дәметпейтіні, міндетсімейтіні, өзінің хал-ахуалына, талап-тілегіне ешкімді ортақ қылмайтыны қайран қалдырады. Тіпті ас бөлмесінде де өзі ғана қожайын, жеке мүддесінің пайдасына әлдекім, әлдебіреуді елестете алмайтындай. Дағдыланған әдетінен жаңылмайтыны сонша, ұялы телефон ұстамайды, телевизор, интернет, компьютер тетіктерінен мүлдем хабарсыз, кітап, мақалаларын ескі жазу машинкасында басады. Десек те, айналасындағылармен тез тіл табысады, ешкімнен де өзінің көшірмесін іздемейді. Таланттыға жанын сала көмектеседі. «Сәл нәрсеге қуанамын, өзім-өзіме цирк, тірлік кешу сондай қызық, көңілді. Өмір қысқа емес, оқиғалар өте көп... Мыйым бар болғанымен, төңірегімдегінің бәрінің бабын табуға ақылым аздау. Кейде әлдеқалай кездейсоқ ұшырасқанда бейтаныстар: «о, қандай жақсы көрінесіз, кереметсіз...» дей бастаса, « өзіңізді мен әлі де танимын» дегенді айтқыңыз к