• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Сәуір, 2020

Килиан Мбаппе – әлемдегі ең ұшқыр футболшы

307 рет
көрсетілді

Жуықта ФИФА әлемдегі ең ұшқыр футболшыны анықтады. Le Figaro газетінде жарияланған ақпарға қарағанда Франция құрамасының шабуылшысы, футболдан әлем чемпионы (2018), Пари-Сен-Жерман клубының ойыншысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең ұшқыр футболшы ретінде танылыпты.

Бұл жігіттің жасыл алаңдағы тап берме ұшқырлығы 36 км/сағатты көрсетсе, одан кейінгі көрсеткішке испандық Атлетико клубының шабуылшысы Иньяки Уильямс (35.7 км/сағат) қол жеткізген. Үшінші орынға ағылшындық клуб Арсеналдың шабуылшысы Пьер-Эмерик (35,5 км/сағат) ие болған.

Кейінгі орындарға:

Карим Беллараби (35.5 км/сағ) Кайл Уокер (35.21 км-сағ) Лерой Зане (35.04 км/сағ) Мохамед Салах (35.0 км/сағ) Кингсли Коман (35.00 км/сағ) Алваро Одриозола (34.99 км/сағ) Начо Фернандес (34.62 км/сағ)