Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
«Egemen Qazaqstan»Жәдігер • 27 Маусым, 2026
Бұл жәдігер шамамен XVIIІ ғасырдың ортасында Тибет жерінде жасалған. Шәйнектің негізі тұлғасы жезден құйылып, сырты алтынмен апталған. Ал шүмегі мен тұтқасы арнайы қоладан соғылып, дәнекерленіп жапсырылған.
Зерде • 26 Маусым, 2026
Бақандай төрт жылға созылған Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданға аттанған қазақ жауынгерлері соғыс шебінен артында қалған ел-жұртына, туған-туысына, халқына жалынды жауынгерлік сәлемін хат арқылы жолдайды. Соның бірі – «Социалистік Қазақстан» газетінің 1942 жылғы 1 сәуір күнгі санына жарияланған қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлының хаты.
Тарих • 18 Маусым, 2026
Османлы сұлтанымен кездескен қазақ
Қазақ руханияты ел аумағында ғана өмір сүрмейді. Шекарадан тыс жерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың арасында небір айтулы ағартушылар болды. Соның бірі – өткен ғасыр басында Түркияда білім алып, одан кейін туған жеріне оралып, бұқара жұртқа ағартушылығымен танылған ірі тұлға Әбдіқадыр Қасымов.
Таным • 05 Маусым, 2026
Бұл суретте жеті адамның ортасында Алаш арыстарының бірі, ортаазиялық түркі туғандардың басын біріктіру үшін тер төккен тұлға Мұстафа Шоқай отыр. Фото 1923 жылы Берлин қаласында түсірілген.
Пікір • 05 Маусым, 2026
Атам қазақтың «ауруын жасырған өледі» деген тәмсілі бар. Бүгінгі таңда қоғамның жасыруға келмейтін дерті – жаппай телефонға телміру. Бұл зиян ба, әлде қажеттілік пе? Қысқасы, күллі ғаламды қауызына сыйдырған смартфонның пайдасы өз алдына, оның қауіпті жағы да бар.
Сұхбат • 15 Мамыр, 2026
Сұлтанәлі Балғабаев, жазушы-драматург: Қандастарға қамқорлық елдік ұстаным бола беретініне сенемін
Танымал жазушы-драматург, «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Шөл», «Дала мен дария» «Қазақтың қызыл кітабы» сынды прозалық туындылардың, «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ең әдемі келіншек», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Сағыныш пен Елес», «Өтірік айтпайтын адам» секілді пьесалардың авторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ сексеннің сеңгіріне шықты. Осыған орай қаламгермен сұхбаттасып, мәнді ой-пікірін оқырманға ұсынып отырмыз.
Жәдігер • 08 Сәуір, 2026
Мына бір көпке танымал сурет 1921 жылы 5 мамыр күні Ташкент қаласының қарапайым шайханасында түсіріліпті. Бейнеде өзбекше киінген үш адам отыр. Бұлар сол тұстағы қазақтың бетке ұстар арыстары. Ортада отырған Міржақып Дулатұлы. Оған қорқор тұтатып беріп жатқан – Ғазымбек Бірімжанұлы. Ал оң жақта ақ шәйнектен шай құйып беруші – Ахметсафа Юсупов.
Таным • 02 Сәуір, 2026
Биылғы айтулы оқиғаның бірі – 1896 жылы Хельсинки қаласында «Фин-угор» қоғамы редакция алқасының (Suomalais-ugrilaisen seuran toimituksia) шешімімен Финляндия әдеби қоғам баспасынан (Lmprimerie de la societe de literature finnoise) Вильгельм Томсонның «Орхон жазбалары» («Inscriptions de l’Orkhon») атты құнды кітабы жарық көруі. Бұл туындыға биыл 130 жыл толып отыр.
Мереке • 21 Наурыз, 2026
2013 жылы жарық көрген жүзтомдық «Бабалар сөзінің» 90-томында жарияланған «Наурыз тойы» атты шағын жырда: «Ата-ана жүзіне, Нұр толыпты үзіле, Ырыс алды ынтымақ, Төрімізге тізіле», деген бір шумақ бар екен.
Наурызнама • 21 Наурыз, 2026
Наурыз мейрамының тарихы терең һәм күрделі. Соңғы ширек ғасырда Наурыз мейрамының тарихы мен қоғамдық маңызы туралы көп жазылып жүр. Осылардың ішінде көпшілікке белгілі көне дереккөздеріне тоқталғанды жөн көріп отырмыз.