Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1042 материал табылды

Футбол • 21 Маусым, 2024

Ел күткен Еуропа чемпионаты

Өткен аптада әлем жанкүйерлері төрт жыл күткен «EURO 2024» доп додасы басталды. Өткен тарих бедеріне үңілсек, қарт құрлық чемпионаты алғаш жалауын көтергелі биыл 84 жыл­дың жүзі болыпты.

Мирас • 21 Маусым, 2024

Жамбының аты

Ерте заманда қазақ мер­гендері ат үстінде шауып келе жатып сырық басына іліп қойған жамбыны атып түсіру үшін ат таңдаған. Өйткені мерген мінетін ат толық үйретілген әрі се­зімтал, иесінің тақым қы­суы мен тізгін қаққан сәтін қалт жібермей аңға­ратын ақылды, шабысы өте жайлы, жұмсақ болғаны дұрыс.

Талбесік • 20 Маусым, 2024

Ителгі

Шәулі қырандардың ішінде лашын мен ителгіні үнемі томағалап ұстайды. Бұл қырандарды аң-құсқа салудың қолайлы мезеті: таңның атуы мен күннің көтерілу арасы, кешке қарай күннің еңкеюі мен батуының арасы, дейді кәнігі құсбегілер.

Талбесік • 19 Маусым, 2024

Шәулі қырандар қандай құс?

Қазақ даласы – құсбегіліктің отаны. Егер де халқымыз әлем этнографиясына нендей үлес қосты дегенге тоқталсақ, ұлтымыздың бекзат өнері құсбегілікті айтар едік. Өйткені көк аспанда еркін самғап жүрген қыран құстарды жерге түсіріп, оны қолға үйретіп, аңшылық кәсіпке баулыған һәм оны классикалық түрде жетілдірген жұрттың бірі – біздің бабаларымыз.

Жәдігер • 17 Маусым, 2024

Қола қазан

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІ және І ғасырда еура­зиялық кеңестікте ірі көшпелі империя құрған ғұн бабаларымыз адамзат тарихында әскери-әкімшілік басқару құрылымы берік мемлекет орнатқаны шындық.

Мирас • 14 Маусым, 2024

Күзгі қомырған

Ежелгі көшпелілер тұрмысында «күзгі қомырған» деген болған екен ертеде. Бұны қазіргі тілмен айтқанда, «қысқа дайындық» десек дұрыс. Яғни көшпелі халық даланың қоңыр аңы: ақбөкен, марал, қарақұйрық, т.б. жануарларды шеңберлі қоршау ар­қылы аулап, олардың етін сүр­леу арқылы келесі жазда болатын жорық асын әзірлейтін дәстүр болған.

Жәдігер • 13 Маусым, 2024

Қапсағай садақ

Ерте дәуірдің әскери-жауынгерлік өнерін зерттеген еуропалық және ресейлік мамандар Мелюкова, Черненко, Смирнов, Хазанов, т.б. еңбек­терінде және Оңтүстік Сібір тұрғындарының б.з.б. тұрмыс-тіршілігіне зерттеу жасаған А.М.Кулемзиннің жазбаларында да садақты тұңғыш болып Азия құрлығының тұрғындары қолданғаны хақында айтылады. Бұл деректер аталған өлкелерде жүргізілген археологиялық қазба ба­ры­сында табылған заттай жәдігерлер арқылы да толық дәлелденіп отыр.

Архив • 13 Маусым, 2024

Британия архиві: Шоқайға қатысты құжат

Жақында Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжат­та­ма және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітап­тар ұлттық орталығының мамандары Лондон қала­сында орна­ласқан Британия ұлттық архив қорына барып, қазақ тарихына қа­тысты деректер іздестірді. Нәтижесінде, еліміз тарихына қа­тысты 15 қолжазба мен 500-ге жуық архив­тік құжат көшірмесі алы­нып, құнды деректер орталық қорын толықтырды. Осы орайда, қарт құр­лыққа сапарлап барған ізденуші топтың мү­ше­сі, Қолжазбалар және сирек­ кітап­тар ұлттық орта­лығы Ғылы­ми зерттеу жұмыс­та­рын ұйым­­­­дас­­­­тыру бөлімінің жетекші сарап­­шы­сы, тарих ғы­лым­­да­рының канди­даты Гүлсім Бисе­но­ва­мен әңгіме­лес­кен едік.

Пікір • 13 Маусым, 2024

Тарихи сана тағылымы

Үлкен ойшыл, ақын Шәкәрім Құдай­бердіұлы «Шыннан өзге Құдай жоқ, Анық Құдай – Шын Құдай, Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кiм Құдай?» деген екен. Ғұламаның бұл пайымын тәпсірлер болсақ, «құдай» деп отырғаны ақиқат. Соның ішінде шынайы білімнің ақиқаты. Қазіргі таңда қазақ қоғамындағы басты мәселе – білім пен ақпараттың орны ауысып кетті. Шәкәрім бабамыз айтқан «шын білім» көмескіленіп, ақпараттық дүниелер алға шықты. Бұл өте қатерлі құбылыс. Өйткені шын білім, ақиқат, нағыз ілім салтанат құрмаған қоғамның болашағы күңгірт.

Ұлттық спорт • 11 Маусым, 2024

Жамбы атудан чемпионат аяқталды

Халқымыздың мергендік өнері жамбы атудан жасөспірімдер арасындағы еліміздің ІХ чемпионаты Талдықорған қаласында өтіп, оған 12 облыстан іріктелген 40-қа жуық спортшы қатысты.