Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1042 материал табылды

Жәдігер • 16 Шілде, 2024

Садақтың сұғыны мен тобыршығы

Садақтың екі ұшындағы адырнаның ауыздығы кигізілетін тұстан бас­­тап тобыршықтың құйысқанына дейін қат­ты мүйіз, ағаш, сүйек жа­салып, сұғын­дыра қон­­ды­рылған бөлікті «сұ­­ғын» дейді.

Театр • 11 Шілде, 2024

Алтайдан ауған ел

Елорда төрінде орналасқан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында «Алтайдан ауған ел» спектаклін көрермен назарына ұсынып келе жатқанына үш жылдың жүзі болды. Бұл туындыға арқау болған оқиға – өткен ғасырдың 30-40 жылдары қазіргі Шыңжаң өлкесінен ауып, Түркия еліне барған қазақтардың өмірі екен.

Табиғат • 11 Шілде, 2024

Cұңқар

Cұңқар – саят құстарының ішінде ең сүйкімді, тегеуріндісі. Жалпы, жаратылыс түрі, пішіні, мінез-құлқы өзімен тектес лашынға не ител­гіге ұқсайды. Көбінің қарымы лашыннан үлкен, ителгіден сәл кішірек, бірақ одан гөрі сергек, құлықты, сымбатты, ойнақы болады.

Мәдениет • 06 Шілде, 2024

Өлгейдегі өнер ескерткіші

Атам қазақ өзінің поэтикалық жадынауи туындысы қара­пайым қара өлеңінде «Домбырам екі ішекті, беті қақпақ, Өзіне перне байлап, ішек тақпақ...» немесе «Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта, Теңселіп тербеледі адам соқса» деп төл мұрасы домбыра туралы толғапты.

Қоғам • 05 Шілде, 2024

Айқабақ ату

Жамбының «Айқабақ ату» деген де түрі бар. Егер бұл зат алтын бұйымнан жасалған болса, оны «Алтынқабақ» деп атаған. Айқабақ – көлемі ай пішіндес, сом күмістен құйылған бұйым. Бұл – нағыз жамбы атудың қазақ халқына етене жалпыласқан түрі. Айқабақ ату көп жағдайда аса үлкен жиын, тойларда өткізіледі. Жауынгерлердің мергендігін шыңдайды.

Спорт • 03 Шілде, 2024

Көшпелілер ойыны қарсаңында

8–14 қыркүйекте Астана қаласында өтетін аса ірі спорттық сайыс V Дү­­ниежүзілік көшпелілер ойны. Қа­зіргі таң­да дүбірлі додаға дайындық қызу жүріп жатыр. Байрақты бәсеке ұлт­тық спорт пен саламатты өмір салтын дәріптеу жағынан да, Ұлы да­ладағы көшпелілер өркениетінің мұра­гері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гума­нитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да қажетті екені сөзсіз.

Талбесік • 28 Маусым, 2024

Тұйғын

Шәулі құстарының ішіндегі әдемісі, ұшқыры, бағалысы осы – тұйғын. Бұның қадірлі болатын себебі: тұқым-түрі кең тарамаған және өте сирек жұмыртқалайды. Қолға сирек түседі. Ұясын адам аяғы жет­пейтін жерге жасырып салады.

Талбесік • 27 Маусым, 2024

Лашын

Лашынның құстың дене бітімі шәулі құстар арасында орташа, басы, көзі, аяқ жаратылысы ителгіге ұқсайды, бірақ сәл кішірек болады. Көбінің түсі қара қоңыр шұбар, тамағы ақ жағал, қанаты ұзын, құйрығы қысқа, көзі қара, кеуде жағы жуан, қаршығадан әнтек үлкен, топшылы келген сұлу құс.

Зерде • 26 Маусым, 2024

Құралай көз нысана

Халқымыз ауызекі тілде «Құралайды көзге атқан мерген» деген тіркесті көп айтады. Мысалы, жуықта ғана «Abai TV» телеарнасының жаңа жобасы – «Сөз» атты бағ­дарламада дәл осы атаудың мәні мен мазмұны хақында айтылды. Олардың пайымынша, «құралай» сөзі «колибри» атты кішкентай құстың атауынан шығуы мүмкін.

Талбесік • 25 Маусым, 2024

Қаршыға

Қаршыға – саят һәм шәулі құстарда алымды саналады. Сондай-ақ тұйғын мен тұнжыр осы қаршыға тұқымдастар қатарына жатcа, тек бірыңғай таза қаршыға тұқымы: «ақ тарлан», «қара тарлан», «қызыл қайың», «сарының тегі» деп төрт түрге бөлінеді. Қаршыға дене бітіміне қарай: «ірі», «бұқа», «тана», «шәулі» деп аталады.