Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1042 материал табылды

Мирас • 24 Қыркүйек, 2024

Қазақ садағының атаулары

Қазақ садағы қарапайым екі бөліктен тұрады. Біріншісі, яғни ағаш немесе сүйектен жасалатын, ататын бөлігі садақ немесе жақ деп аталады. Ал шірей тартып, садақтың оғын ұшыратын керме бауды адырна деп атайды. Ал садақтың иілмелі, серіппелі бөлігін екі иіні (жоғары және төменгі) деп атаса, адырнаның екі ұшы байланатын арнайы қаданы сұғын немесе сұқ (жоғары және төменгі) дейді.

Дәстүр • 20 Қыркүйек, 2024

Құдалық

Аман Ауғанбайұлы дейтін жетпісті еңсеріп қалған ағамыз бар. Өзі сонау жылдары Алтайдың арғы бетінен келген. Бұл кісінің басқа қазақтардан айырмашылығы – қып-қызыл ұлтшыл. Әмбе қазағы айлы аспанның жұлдызындай жамырап кеткен солтүстік өңірде тұрады. Қашан көрсеңіз, екі аяқты көсіліп тастап, біреулермен қызылшеке дауласып отырғаны. Сондағы айтатыны: «Сендер неге қазақша сөйлемейсіңдер?».

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2024

Үңгіт кешені

Көне тарихқа үңілсек, б.ж.с. 552 жылы көшпелі түркілер Бумын қағанның атқа қонуымен Нирун (қытай жазбаларында Жужан) ұлысын тізе бүктіріп, апайтөс Еуразияның кіндігі Өтүкен қой­науындағы Орхан дария­сының сағасына орда тігіп, Түрік им­периясын (551-744) құр­ғаны белгілі. Көне қытай де­рек­терінде түріктер темірден түйін түйгені туралы айтылады. Оның бер жағында Өтүкен даласындағы ерте ортаға­сырлық ескерткіш мұралардың дені осы түріктерге тән.

Таным • 19 Қыркүйек, 2024

Жалау ату

Қазақтың мергендік өнері тарихында «Жалау ату» деген түрі болған. Бұл туралы моңғол тарихшысы Гонгоржав «Ертедегі көшпелілердің садақ ату сайысы» атты еңбегінде «Жалау ату сайысы – ежелгі ғұн, жужан, сянбилерден жалғасып келе жатқан өнер» деп жазыпты.

Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2024

Құлагердің сыны

«Іздеген жетер мұратқа» дегендей, жақында көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың 2020 жылы «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген таңдамалы шығармалар жинағының алғашқы томын оқып отырып, қаламгердің 13 жасында ауылдастарымен бірге Атбасарға жолаушылап барғанына куә болдық. Жазушы жолай атақты Ақан серіге кезігіп, ол кісінің өз ауы­зы­нан Киікбай сыншы айтқан Құлагер тұлпардың сынын жазып алады.

Пікір • 18 Қыркүйек, 2024

Тарих және шындық

Үнді қайраткері Жавахарлал Неру: «Отар елдің тарихын отарлаушы жазады» дегендей, кезінде біртуар ақын Ғафу Қайырбеков: «Осы басқаның пат­ша­ларының бәрі жақсы , қазақтың хандары неге жаман?», деп кеңестік қоғамға сұрақ қойғаны да белгілі. Ра­сын­да, отарланған елдің шынайы тарихы еш­қа­шан жазылмайды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024

Азия стилі: Қазақ мергендері топ жарды

Жамбы ату сайысына әлемнің 27 мемлекетінен келген 79 спорт­шы Эт­ноауыл қалашығында Ма­жар, Азия, Түркі және халқымыздың дәс­түр­лі жауынгерлік өнері Жам­бы ату стилі бо­йын­ша сынға түсіп, мық­тыларды анықтап жатыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024

Жігіттердің қарқыны жақсы

Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының тізіміндегі маңызды сайыс түрі – көкпар. Аталған ойынның шығу төркіні туралы зерттеуші Ә.Қалиұлы: «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған аса құнды сайыс түрі» дейді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024

Жәнібек – жеңімпаз!

Дәс­түрлі садақ ату спорт түрі бойынша әлем­нің 33 елі­нен келген 183 спортшы «Ар­ғымақ» ат-спорт ке­­шенінде сайысты бастады. Бұл жарыста отандық 10 мерген ел намысын қорғайды.

Мирас • 04 Қыркүйек, 2024

Сұрмерген

Ежелгі көшпелілердің жауынгерлік өнерін зерт­теген орыс ғалымы А.И.Ма­заев және моңғол оқымыстысы О.Намнандор­жылар­дың еңбегінде ертедегі ғұн, сақ дәуірінде ел ішіндегі мергендерді сынайтын: теңге ату, жебе жарыстыру немесе оқ оздыру, керген тері ату (саранпай), жалау ату, сұр (қайыс) ату деген сайыс түрлері болған деп жазады.