Талбесік • 12 Тамыз, 2024
Тұрымтай (Falco columbarius) – сұңқартектестер тобына жататын өз алдына дара тұқым. Оның жаратылыс түрі ителгі мен сұңқарға ұқсайды. Айырмашылығы – олардан дене-тұрпаты кіші, жағалтаймен шамалас. Түс-реңі жағынан: ақ, құба, қызыл шұбар болып үшке бөлінеді.
Абай • 10 Тамыз, 2024
10 тамыз – Абай күні. Бұл – руханият мерекесі һәм зор тәлім тойы. Филология ғылымдарының докторы, абыз қария Мекемтас Мырзахметов: «Бұл күнді қазақ ұзақ күтті. Тірісінде ақиқатты, әділдікті жақтап, ғылымды ту көтерген, соңына жақұттай жарқыраған қазына қалдырған жанға қатысты дүниелердің ешқайсысына немқұрайды қарамауымыз керек» деген екен.
Жәдігер • 09 Тамыз, 2024
Қазақтан шыққан ғұлама, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы һәм тұңғыш президенті, минералогия ғылымдарының докторы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қаныш Сәтбаевтың домбырасы Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музей қорында «КП 16730/1» реттік нөмірмен сақтаулы тұр.
Жәдігер • 07 Тамыз, 2024
Еуразия аумағында билік жүргізген Жошы ұлысының ақша айналымы хақында айтудан бұрын сол тұста, яғни орта ғасырда дүниежүзілік сауда-саттық ісі қалай жүргізіліп келді дегенге тоқталған жөн. Бұл дәуірдің экономикасы мен ақша айналымын зерттеген америкалық тарихшы-социолог Жанет Абу - Лугодтың (Janet Abu-Lughod) тұжырымына назар аударсақ, ХІІІ ғасырдың екінші жартысында еуразиялық аумақта билік жүргізген Жошы ұлысының ықпалы нәтижесінде күллі әлемді қамтыған экономикалық саясатта бұрын-соңды болмаған бірнеше оң өзгеріс пайда болғаны туралы айтылыпты.
Жәдігер • 06 Тамыз, 2024
Жуықта британдық беделді ғылыми-публицистикалық журнал «Nature» мен ағылшын тілінде ақпарат тарататын «Mail online» атты медиақауымдастық Индонезия елінің Сулавеси аралында орналасқан Леанг Карампунг үңгірінен 51 200 жыл бұрын салынған жартас суреті (петроглиф) табылғаны хақында тың жаңалық жариялады.
Табиғат • 02 Тамыз, 2024
Қырғи – жаратылысы қаршыға тұқымдасқа жататын әдемі құс. Бірақ ол қаршығадан кішірек, жағалтай мен тұрымтайдан үлкенірек болады. Еліміздің таулы өлкелері Алтай, Тарбағатай, Жетісу жерін мекендейді.
Руханият • 01 Тамыз, 2024
Францияның Шығыс Археология институты мен Оксфорд университеті бірлесіп атқарып жатқан «Көшпелілер империясы» жобасының белсенді мүшесі һәм Парис Нантерре университетінің профессоры Мари Фавэру ханым (Marie Favereau) үш жылдың алдында «Алтын Орда» (The Horde) атты кітап жазып, бұл туынды Гарвард университеті баспасынан жарық көрген болатын. Жаңа пайым, тосын көзқарас, тың деректерге құрылған бұл шығарма қазіргі таңда әлем назарын аударып отыр. Туынды үш жыл ішінде барлық Еуропа тілінде сөйледі. Ғалым өзінің жаңаша пайымы туралы әлемдік баспасөз беттеріне мақала жазып, телесұхбаттар беріп жүр. Осы дереккөздерді негізге ала отырып, аталған туындыны таныстыруды жөн көрдік.
Жәдігер • 27 Шілде, 2024
Жуықта кезекті еңбек демалысына шығып, кіндігім кесілген Бай-Өлкеге бардым. Әдеттегідей аймақтық музейге бас сұқтым. Төрде тұрған алып домбыра бірден көзге шалынды.
Білім • 20 Шілде, 2024
Телефонға тәуелділік. Одан қалай құтыламыз?
Елшіл ғалым, қоғам қайраткері Аманкелді Айталы марқұм көп жыл бұрын балаларға арналған заманауи мультфильмдерді қарап отырып, «біздің жас буынды ата-ана, мектеп-балабақша емес, америкалық режиссерлер тәрбиелеп жатыр» деген еді. Ол кез – қазіргідей смартфон әлі шықпаған тұс. Қазір тіпті қиын. Қоғамда «телефонға тәуелділік» дейтін ұғым пайда болды.
Қоғам • 19 Шілде, 2024
Жуықта жақсы кітап жарық көрді. Туындының басты кейіпкері – қазақ күресінің жанашыры һәм 2004-2017 жылдары Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті болған – Серік Төкеев. Бұл тұлға – шын мәнінде халқымыздың байырғы жекпе-жек өнері қазақ күресін жаңа заманға сай дамытуда ерен еңбек сіңірген адам.