
Тарих • 21 Ақпан, 2025
Арқаның Ақан серісін (1843–1913) әркім-ақ біледі. Артында қалған әні мен жыры, тайғақ тағдырын әркім әрқилы айтады. Соның бірі – мына бір әңгіме. Бұны көкшетаулық Жылқыбай Амалдықұлы есімді жергілікті қариядан өлкетанушы Мұқаш Мәжікеев жазып алып, Арқа өңіріне танымал ақындар Арыстанбай, Жанақ, Шашубай, Майасар, Құлтума, т.б. шығармаларымен бірге қорға (ӘӨИ, Қ.828) тапсырған екен.
Өшпес даңқ • 14 Ақпан, 2025
«Мүгедек болсақ та, біріміз тірі қалсақ...»
Заңғар жазушы Ілияс Есенберлинді біз ұлтының тарихи санасын көркем әдеби шығармалар арқылы оятқан қайраткер қаламгер деп білеміз. Бірақ оның Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангер екені көп айтыла бермейді.
Талбесік • 14 Ақпан, 2025
Қазақ даласына кең тараған аушы құстардың бірі – бөктергі. Ғылыми орнитология бұл құсты сұңқар тектестер тұқымына жатқызып жүр. Жемін ұшып жүріп аулайды.
Мың бір мысал • 12 Ақпан, 2025
Атақты Құнанбай қажы сөзге шешен, мінезді адам болғаны белгілі. Соның бір дәлелі – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында (Қ.914) сақталған мына бір мәтін. Бұл жазбаны Сайлаубек Жақыпов тапсырған екен.
Тағзым • 05 Ақпан, 2025
Астанадағы Ұлттық музейде әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Адамзаттың ұстазы» атты музейлік дәріс өтті. Атаулы іс-шараға көрнекті ғалымдар, елорда мектептерінің оқушылары қатысты.
Мирас • 31 Қаңтар, 2025
Шалғай жатқан қазақтың бір отауы – Бай-Өлке аймағы. Бұл жақта ұлттық құндылық жақсы сақталған. Соның бірі – қазақтың құсбегілік өнері. Байырғы ғұрпын бұзбай дамып келеді. Соның әсері шығар, өткен жылы шаһардың шет жағына көрер көзге керемет «Саятшылар сарайы» салыныпты.
Тұлға • 31 Қаңтар, 2025
Астана қаласындағы «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтың ұйымдастыруымен, биыл туғанына 110 жыл толып отырған көрнекті жазушы, тарихи тақырыптарға түрен салған қаламгер Ілияс Есенберлинді еске алуға арналған «Есенберлиннің романындағы тарихи мұра» атты дөңгелек үстел өтті. Оған астаналық шығармашылық өкілдері мен елорданың №91 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты.
Дәстүр • 24 Қаңтар, 2025
Халқымыздың өмір сүру салтында салбурын (салбұрын) атты аңшылық-жауынгерлік дәстүр бар. Бұл туралы 2014 жылы жарық көрген «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты көптомдықтың бесінші томында: «Салбурын – саят адам аяғы жетпейтін алыс қиырға топтанып, ұзақ уақытқа аң аулауға шығу», деген анықтама беріліпті.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2025
Астана қаласында «Ұлы дала – 2024» жобасы аясында жеңімпаз деп танылған шетелдік қазақ ақын-жазушылар кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» мен Қазақстан Жазушылар одағы.
Талбесік • 24 Қаңтар, 2025
Жағалтай (Falco subbuteo) – өз алдына біртекті құс. Оның жаратылысы лашынға ұқсайды. Бірақ лашыннан кішірек. Түс-реңіне байланысты: қара жағалтай, құба жағалтай, сұр жағалтай деп бөлінеді.