
• 11 Сәуір, 2018
Абай атамыз өзінің 12-ші қара сөзінде: «Қазақ барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады» дегені сияқты қазір қазақ қоғамында мақтанның алуан түрі пайда болды.
Руханият • 29 Наурыз, 2018
Жуықта қазақтың небір қасқа-жайсаңдары бас қосқан дастарқанда болдық. Ас ішілді, аяқ босатылды. Кезек бата беру рәсіміне келіп тірелді. Төрде отырған танымал ғалым ағамыз қос алақанын айқара жайып алып, бата емес кедір-бұдыр жадағай тост айтып шықты. Кәдімгі шарап толы тостақ ұстап тұрып тойда айтатын тост. «Сіздің (той иесін айтады) жұмыстағы беделіңіз жоғары, әрдайым биіктен көріне беруіңізге тілектеспіз, осындай дастарқан басында бас қосайық!». Мынадай «батаға» не бет сипарымызды, не әумин дерімізді білмей салбырадық та қалдық.
• 15 Наурыз, 2018
Қазақ спорт тарихында аты алтын әріппен жазылуы тиіс тұлғалардың бірі – Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров. Бірақ… бірақ демекші осы жеңіс Жақаңа оңайлықпен келген жоқ. Үлкен мақсатқа жету үшін – төгілген тер, атқарылған еңбек, жеңіс үшін боз кілем үстінде жан беріп, жан алысқан тайталастар…
• 08 Наурыз, 2018
Әредік қазақ радиосы эфирінен: «Жүрегім жыр толғайды, Көңілім ортаймайды, Анасы бар адамдар, Ешқашан қартаймайды...» дейтін қоңыр дауыс әнші Нұрлан Өнербаевтың орындауында қалықтап тұрады. Сондай бір жүрекке жылы, мамырдың майда самалындай, Абай атамыз айтпақшы «құлақтан кіріп, бойды алар» әнінің сазын жазған композитор Марат Омаров болса, сөзінің авторы марқұм Қайрат Жұмағалиев.
• 20 Ақпан, 2018
Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ
Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті.
• 07 Ақпан, 2018
Аманат дегеніміз не? Бұл сұраққа мұсылман әлемінің сардар сахабасы Әбубәкір Сыдық «Аманат – адамгершіліктің шыңы» деп жауап беріпті. Әрі қарай сөзімізді тәпсірлеп, тарқатар болсақ, «аманат» ұғымы бір адамның екінші адамға сеніп тапсырған мүлік-заты немесе қоғамдық қатынастар барысында өте терең маңызға ие тарихи-әлеуметтік оқиға.
• 25 Қаңтар, 2018
Ат тергеудің астарында ұят бар
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрінде «ат тергеу» дейтін өте маңызды әдеп бар. Аталмыш әдептің әуелгісі ұлысқа, елге, қауымға, еңбегі сіңген құрметті адамның атын тіке атамай, жанама ат қойып қадірлейді. Атап айтқанда «Қажы ата», «Би ата», «Батыр аға», «Әз ана» т.б. деген сияқты. Мысалы, ақын-жыршы Жамбыл Жабаевты ауыл-аймақ, ел-жұрты атын атамай «тәте» деп әспеттеген. Бұл дәстүрдің астарында қазақтың үлкенді сыйлау, абыройлы тұлғаларды қадірлеу сияқты аса құнды сыйластығы жатқаны аян.
• 05 Қыркүйек, 2017
Қазіргі қоғамда мадақ һәм мақтау көп. Басқасын былай қойып, тек әлеуметтік желіні алыңызшы. Жасы бар, жасамысы бар тіпті, елағалық дәргейге жеткен азаматтардың өзі бірін-бірі тамсана-таңдана мақтайды-ау, шіркін. Осылардың қайсысы шын, қайсысы жасанды, бақай есепке құрылған мадақ-мақтау екенін ажыратып түсіну қиын. Кейбір мерейтой немесе шығармашылық кешке, жаңа туындысының тұсаукесеріне бара қалсаңыз, ол адамның атына айтылған қолпаш сөзден басыңыз айналып, көзіңіз қарауытады.
• 24 Тамыз, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.
• 10 Тамыз, 2017
Қоғамды тану сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамды танудан басталмақ. Ал адамды тану үшін әуелі оның тәрбиеленген отбасы, ошақ қасы қандай, соған көңіл аударамыз.