Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
156 материал табылды

Архив • 12 Сәуір, 2025

Жазушының жарына ілтипаты

Биыл туғанына 110 жыл толып отырған заңғар жазушы Ілияс Есенберлин шығармашылық жолын поэзиядан бастаған. Алғашқы дастаны 1945 жылы «Айша» деген атпен жарық көрген. Ілекең бұл туындысын қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға арнап жазған екен.

Тарих • 09 Сәуір, 2025

Қазақ «қазақ» болғанда...

Жақында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттігіміздің негізі сонау мыңжылдықтардан бастау алып жатқанын, оның тамыры мен тарихы аса терең екенін көпшілікке ескертіп, халқымыздың «қазақ» деген этностық атауы да бір ғасыр бұрын қайтарылғанын еске салған болатын.

Таным • 08 Сәуір, 2025

Қақпанмен бүркіт ұстау

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты көптомдық энциклопедияның бірінші томында: «Бүркіт – қолға үйретіп, аңшылық кәсіпке баулыған қыран құстың бір түрі» деген анықтама беріліпті.

Наурызнама • 22 Наурыз, 2025

Тамыры терең мейрам

Соңғы ширек ғасырда Наурыз мейрамының тарихы мен тағлымы хақында көп жазылып жүр. Десек те әлі бірізділік байқалмайды. Өйткені бұл мейрамның ғұрыптық негізінің әуелгісі, қара жердің бауыры жібіп, тоңы еріп, жеті қат терең өзегіне нәр жүгірген сәті болса, екінші маңызы – күн мен түннің теңелуі.

Жәдігер • 21 Наурыз, 2025

Қайтпай сұлтанның мыс астауы

Түркия Республикасының ірі тарихи-мәдени орталығы Ыстанбұл қаласында «Түрік және ислам өнері» атты музей бар. Оның іргетасы 1914 жылы қаланыпты. Бұл мекеме қорында, ислам руханиятына қатысты 17 000-нан астам қолжазба мұра (құран және үзінділері), мыңдаған құнды тарихи жәдігер сақталған. Соның бірі – атақты Қайтпай сұлтан қолданған мыс астау.

Наурызнама • 19 Наурыз, 2025

Ұрпаққа мұра Ұлыс мейрамы

Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №3 балалар кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен «17 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай танымдық, этнографиялық сабақ өтті.

Наурызнама • 18 Наурыз, 2025

Дәстүрлі мейрам

Жақында Арқаның сұлу мүсін Көкшетауының баурайы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқарады. Әсіресе төл мәдениетіміздегі әз-Наурыз мейрамының орны бөлек. Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады», деген болатын.

Пікір • 07 Наурыз, 2025

Бақытты отбасының болмысы

Адам жаратылысы күрделі. Ол әркез сүйіспеншілік, таңғалу, өкпелеу, қуаныш-қайғы, мейірім-шапағат, т.б. сезімдер жетегінде жүреді. Осы сезімдерді шегінен асырмай тізгіндеп, оларды тұрақты­лық пен тепе-теңдік жағдайында ұстай біл­ген адам өкінішке ұрынбайды. Яғни жо­ғарыдағы әрқилы сезім құбылысын тізгіндеп, реттей білген кісі бақытты отбасын құра алады.

Мың бір мысал • 05 Наурыз, 2025

Досбол бидің ұяты

Қазақ тарихында аузымен құс тістеген би-шешендер көп. Соның бірі – биыл туғанына 145 жыл толып отырған атақты Досбол би Қорлыбайұлы.

Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Ғұн дәуірінен Бозоққа дейін...

Елорда төріндегі Достық үйінде Мәдениет және ақпарат министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мекемесінің ұйымдастыруымен «Хунну дәуірінен Бозоққа дейінгі түркі мәдениетінің урбанизацияланған кеңістіктері» атты халықаралық ғылыми семинар өтті. Аталған жиын аясында Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бастамасымен жарық көрген «Бозок – средневековое городище на реке Ишим» және «Хунну – Усуньский комплекс Актас» атты қос туындының тұсауы кесілді.