Жәдігер • 10 Желтоқсан, 2024
Мәдина қаласын білмейтін адам жоққа тән. Себебі бұл шаһар – мұсылман баласы зиярат етуге бұйырылған әлемдегі қасиетті үш орынның бірі. Оның сыртында бұл шәріде пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) мешіті орналасқан һәм соңғы бақилық тұрағы да (зираты) осында.
Таным • 06 Желтоқсан, 2024
Түрколог-ғалым Адай Есенғұлұлы келтірген мәліметте: әлем бойынша көне түркі жазба ескерткіштерінің бүгінгі таңда белгілі болғандарының ұзын-ырғасы 160 шамасында екен. Бұлар территориялық орналасуы жағынан: Тыва Республикасында – 53, Хакасияда – 28, Моңғолияда – 30, Орхон-Енисей бойында – 8, Алтай өлкесінде – 6, Жетісу-Талас өңірінде – 16, Қырғызстанда 8 бар екен («Жетісу» газеті, 17 мамыр, 2001 жыл).
Сұхбат • 30 Қараша, 2024
«Көшпелілер мәдениетінің ұстыны – жауынгерлік өнері»
Елорда төрінде ұйымдастырылған V Дүниежүзілік көшпелілер ойынында өткізілген сайыстың бірі – «Жамбы ату» стилі. Бұған әлемнің 27 мемлекетінен келген 79 спортшы қатысты. Осылардың бірі – ат үстінде садақ атудан әлем чемпионы Алтан Нэргүй атты азамат. Бұл жігіт осы жолғы көшпелілер ойынында да олжалы болды. «Мажар» стилі бойынша өткізілген сайыста күміс медаль жеңіп алды. Таныса келе аңғарғанымыз, А.Нэргүй мырза тек мерген садақшы емес, ежелгі көшпелілер мәдениеті мен жауынгерлік өнерін зерттеп жүрген аса білімдар маман екен. Бұл жігіт 2011 жылы Ұлан-батыр қаласындағы Ұлттық университетті философия және дінтану мамандығы бойынша бітірген соң «Намнаа» («Садақ ату») атты клуб ашып, оны көшпелілердің қолданбалы өнері мен соғыс құралдарын зерттейтін академияға айналдырыпты. Өткен жылы ертедегі ғүн-түркі дәуірінен бастап, еуразиялық кеңістікте билік жүргізген Шыңғыс қаған ұлысы, одан кейін 1271-1368 жылдары өмір сүрген Юань империясы, 1368-1644 жылдары билік құрған Мин патшалығы, 1644-1912 жылдары ұлыс тізгінін шеңгелдеген Манжу-Цинь империясы тұстарында пайдаланған соғыс құралы – садақтың дамуы, жетілуі, өзгеру сатылары хақында зерттеп, көлемді кітап та жазған. Осы орайда танымал этнограф-зерттеушімен сұхбатты ұсынып отырмыз.
Қоғам • 30 Қараша, 2024
Алаш арыстарының академиялық мұрасы
Ұлттық академиялық кітапханада Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаев мұрасына арналған «Алаш мұраты – түркі бірлігі» атты іс-шара ұйымдастырылып, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындап, халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген қос арыстың академиялық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.
Тарих • 29 Қараша, 2024
Құлагер – қазақ тарихында қасіретті оқиғаның құрбаны болған ерен жүйрік. Иесі – атақты Ақан сері Қорамсаұлы. Серінің: «Құлагер шешең сұңқар, әкең тұлпар, Соғып ем дөненіңде сегіз арқар» немесе «Құлагер топтан озған жүйрігім-ай, Жарасар келте жібек құйрығың-ай» дейтін зарлы толғауында жырланатын жануар осы. Бұл тұлпар хақында дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров «Құлагер» атты поэма жазды.
Архив • 28 Қараша, 2024
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Мәдениет • 27 Қараша, 2024
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Руханият • 27 Қараша, 2024
Хат танитын қазақтың бәрі білуі керек. Өте көне ғасырдан бері келе жатқан «Аязби» дейтін ертегі бар. Ертеде Мадан деген хан болыпты деп басталады, ол өзінің қырық уәзірі арқылы жер бетіндегі ең жаман (болашақ Аязби) адамды іздестіреді. Уәзірлер «ең жаман адам» деп біреуді алып келеді. Оған «атың кім?» десе, «Жаманмын» деп жауап береді.
Жәдігер • 27 Қараша, 2024
Елорда төріндегі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында ІХ ғасырда руникалық графикамен жазылған көне түрік мұрасы «Ырық бітік» кітабының көшірмесі сақтаулы тұр.
Таным • 23 Қараша, 2024
1972 жылы 26 тамыз – 11 қыркүйек аралығында Мюнхен қаласында ХХ Олимпиа ойындары өтті. Аталған дүбірлі дода КСРО-ның құрылғанына 50 жыл толған даталы мерекемен орайлас келгендіктен, кеңес елінің спортшылары олимпиадаға «қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» дайындалды. Нәтиже жаман емес, одақ құрамасы 52 алтын, 27 күміс, 23 қола медальға қол жеткізіп, 57 мемлекет арасынан жалпыкомандалық бас бәйгені жеңіп алды.