• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Атырау: Теңіз кенішінен 3 мыңға жуық адам шығарылды

456 рет
көрсетілді

«Теңізшевройлдың» және өзге де мердігер компаниялардың​ ​ жұмысшыларын Теңіз кенішінен уақытша шығару жалғасуда. Кен орнынан  17 мың адам шығарылады. Оның ішінде Атырау облысының ​ 7191 тұрғыны бар.

Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, 16 сәуірден бері Теңіз кенішін 2868 жұмысшы тастап шығарылған. Олардың 1619-ы – Атырау облысының тұрғындары. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысына​ –​ 283, Түркістан облысына –​ 241, Қызылорда облысына​ –​ 166, ​ Жамбыл​ облысына​ ​ – 103, ​ Ақтөбе облысына​ ​ 455 адам жеткізген.

–Теңіз кеніші аумағынан шығарылар алдында барлық жұмысшы ​ COVID-19 инфекциясына міндетті тестті тапсырды. «Теңізшевройл» компаниясы жұмысшылардың тұрғылықты мекен-жайына жеткенге дейінгі барлық жол шығынын өз есебінен төлейді. Жұмысшыларды шығаруға автобус, әуе және темір жол көліктері қолданылуда, - деді өңірлік жедел штабтан.

Ал, ТШО компаниясы басшыларының айтуынша,  Теңіз кенішінен тікелей өндіріске қатысы жоқ персоналдар шығарылуда.​ Компанияның  өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасып жатыр.​