• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Маңғыстау: Карантин режимін бұзғандарға қатысты 730 хаттама толтырылды

248 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Амангелді Халмұратов мәлімдеді.

Маңғыстау облысы көлемінде індетке қарсы Полиция және әскери бөлім қызметкерлері бірлесіп күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Қызмет атқару барысында Маңғыстау облысы аумағында карантин режимін бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476 бабымен 730 хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Сот шешімімен 158 тұлғаға ескерту, 68 тұлғаға айыппұл салынып, 47 тұлғаға әр түрлі мерзімде әкімшілік қамауға алынды, 1 іс қысқартылып, 456 әкімшілік істің шешімі қабылданбаған.

- Бүкіл әлемде таралып жатқан індеттің алдын алу мақсатында сақтық шараларын сақтап, орнатылған шектеулерге түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, деді Амангелді Халмұратов.

 

Маңғыстау облысы