• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2020

Маңғыстау: Өңірде коронавирус жұқтырған тағы 1 адам анықталды

427 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының таратқан ақпаратында айтылған.

1996 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны - кеше тіркелген 29 және 24 жастағы екі жігіттің жұмыстасы.

Науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта ол облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылған.

Сондай-ақ науқастың әйелі мен баласы және жақын туыстары да тексерілуге жатқызылды. Ол тұратын Ақтаудағы 16 шағынаудан 28/1 үйдің подьезі карантинге жабылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.