Өрт шамамен 100 гектар аумақты шарпыған.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады.
Оның айтуынша, өрт «Семей орманы» резерватының Долон филиалына қарасты Байдәулет орманшылығында сағат 15:00 кезінде шыққан.
Өрт шамамен 100 гектар аумақты шарпыған. «Сағат 15:35-те Өскеменнен су бүріккіш құрылғысы бар 1 класты МИ-8 тікұшағы оқиға орнына шықты. Ормандағы өртті сөндіруге 26 өрт машинасы, 4 орман өрті кешені, 3 трактор, 2 патруль көлігі, 1 МИ-2 тікұшағы және ұзын саны 75 адам жұмылдырылған» деп жазады Сәкен Ділдахмет өзінің фейсбуктегі парақшасында.
Шығыс Қазақстан облысы
(Суреттер С.Ділдахметтің фейсбуктегі парақшасынан алынды)