• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2020

Атырау: Жол шұңқырын жамауға 41 млн теңге бөлінді

293 рет
көрсетілді

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың айтуынша, биылғы жазда 4 мың шаршы метрді құрайтын жол учаскесін жөндеу жоспарланып отыр.

«Жақында жол шұңқырын жамау жұмысы басталды. Оған дейін тендер өткізіліп, 41 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Осы қаржыға маусымның аяғына дейін 52 көшенің 4,5 мың шаршы метр жолы жөнделеді. Кейін тағы қаржы қарастылып, жол шұңқырын жамау жалғасын табады» деді Қайрат Оразбаев.

Әкімнің мәліметіне сүйенсек, жөндеу жұмысы Жилгородок ықшамауданында басталған. Кейін  Аванград ықшамауданында жалғасқан. Қазір Сәтбаев көшесінде жол шұңқыры жөнделіп жатыр.