Украинаның астанасы - Киев қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлекм біріншілігінде осыдан бірнеше минут бұрын чемпиондықтың алқасын мойнына таққан Абылайхан Жүсіповтің жолын 66 килоға дейінгі астаналық боксшымыз Рахат Мыржықпаев жалғастырды. Ол әзербайжан Ровшан Мусаевтан басым түсті.
Өкінішке қарай, 70 килоға дейінгі салмақтағы Қадырбек Садықбек украиналық Рамиль Гаджиевке есе беріп қойды. Оның мойнына осылайша қола медаль тағылды. Бұлардан басқа 5 боксшымызда қола медаль бар екенін айтқанбыз.
Дамир Қожамқұл.