Вирус жұқтырған 1996, 1993, 1967 жылы туған азаматтар мен 1991,1966 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама тапсырды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Әзірге науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
25 сәуірдегі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 161 адам анықталды.
Шымкент