• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2020

Атырау: Теңіз кенішінің тағы бес жұмысшысы індетке шалдықты

523 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, Атырауда тағы алты адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның бесеуі – Теңіз кенішінде жұмыс істеген жұмысшылар.

– Қауіпті індет табылғандар –1966, 1968, 1984, 1993 және 1995 жылы туған ер адамдар. Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін​ жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.​ Ал, алтыншы науқас – 1997 жылғы қыз. Ол «Атырау-Амстердам» әуе​ рейсіндегі жолаушылармен байланыста болған.​

Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.​ Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлік қатаң бақылауға алынды.​  Ауру ошақтарында дезинфекция жасалуда,- деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.

Бүгінгі, 25 сәуірде түс әлетіндегі жағдай бойынша, Атырау облысында​ 104 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.​