• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Сәуір, 2020

Греф несиелік демалыстардың ресейлік банктерге 160 миллиард рубль шығын әкелетінін айтты

196 рет
көрсетілді

Ресейлік журналист, тележүргізуші   Наиль Әскер-заденің  «Қауіпті вирус. Экономика» бағдарламасына қатысқан «Сбербанк» Басқарма төрағасы Герман Греф  несиелік демалыстар  Ресей банктеріне 160 миллиард рубль шығын әкелетінін айтты.  

«Бізде қайта құрылымдау бойынша жүздеген мың өтініштер бар. Несиелік демалыстар  банктерге  шамамен 160 миллиард рубль шығын әкелетінін есептедік»,-  деді Греф.

Сондай-ақ, Греф  шағын және орта бизнеске несиелерді қайта құрылымдауға сұраныс жоғары екенін айтты. «Қазіргі уақытта 0% -дық несие ерекше сұранысқа ие, біз 5 мыңнан астам өтінімді мақұлдадық. Жалпы алғанда бұл несиелер біздің клиенттер базасында 50 мыңнан астам кәсіпкерлер үшін қол жетімді. Және күні бүгінге дейін  1,5 мыңнан астам несие берілген»,- деді ол.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин кеше банк өкілдерімен кездескен кезде  кейбір қолдау шараларының қол жетімді еместігін, атап айтқанда ипотекалық демалысты ұсынуда туындаған проблемаларды атап өтті. РФ президенті  барлық кедергілерді жоюды және қажет болған жағдайда азаматтарға және бизнеске уақытылы көмек көрсету үшін нормативтік базаға өзгертулер енгізуді тапсырды.