Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жеті оқиғасы зертханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ауырғандардың ішіндегі алты әйел Теміртау қаласының тұрғындары. Олар бұрын індет жұқтырғандармен байланыста болғандықтан, провизорлық госпитальге жатқызылған екен. Ал жетінші науқас Қарағанды қаласының 35 жастағы тұрғыны. Бұлардың бәрі де инфекциялық стационарға оқшауландырылды.
Бүгінгі күнде Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 120 оқиғасы ресми түрде тіркелді. Оның ішінде бір адам қайтыс болды және 37 пациент жазылып шықты.
Қарағанды облысы