• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Ақтаулық дәрігерлер туа біткен патологиясы бар екі нәрестеге сәтті ота жасады

353 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы көпбейінді балалар ауруханасының хирургтері туа біткен патологиясы бар екі нәрестеге күрделі ота жасады. Қос сәбидің отадан кейінгі кезеңі ауыр болғанына қарамастан, қазір олардың денсаулығына алаңдауға негіз жоқ деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық департаменті баспасөз қызметі.

Балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сұлтанбек Тұмашевтың айтуынша, алғашында жан сақтау бөліміне түскен қос сәбиге кешенді ем алуы үшін барлық жағдай жасалған болатын.

Өмірге келгеннен кейін жеті күннен соң 4 айлық сәбиде дәрігерлер іштен туған жарық көкеті пайда болғанын анықтаған. Бұл өз кезегінде тыныс жеткіліксіздігіне әкеліп соққан, соның нәтижесінде жағдайы күрт нашарлаған.

- Шын мәнісінде бұл өте ауыр патология және мұндай жағдайда көбіне отаны кейінге қалдыруға тура келіп жатады, яғни жаңа туған бала ең болмағанда үш жасқа шығуы тиіс. Бұл диагнозбен баланың жағдайы кұн өткен сайын нашарлай түседі және күтпеген жерден, әсіресе түнгі уақытта қайғылы оқиғаның орын алуы ғажап емес. Операцияны бастамас бұрын ойлана келе тораскопияға жүгінгенді жөн санадық, себебі бұл ота жасаудың ең тиімді жолы. Барлығы ойдағыдай өткен соң кішкентай сәби біздің ауруханада 30 күннен астам болды, жағдайы жақсарған соң үйіне жібердік, дейді Сұлтанбек Тұмашев.

Екінші нәресте Маңғыстау ауданы Шетпе ауылынан санитарлық авиацияның көмегімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын.

- Бүлдіршінде көкек кемістігі бар екендігін анықтадық. Жұқа және қалың ішек өкпеге өтіп кеткен, ал жүрегі болса оң жақ бетке жылжыған. Ота кезінде ішекті толығымен төменгі жаққа түсірдік. Туа біткен ішек патологияның болуына байланысты араға үш күн салып сәбиге қайта ота жасауға тура келді. Анасының айтуынша жүкті кезінде ол үш рет ультрадыбыстық зерттеуге жүгінген, соған қарамастан мамандар патологияны анықтай алмаған. Ота сәтті өткен соң бүлдіршін ауруханада 20 күн жатып емін жалғастырды, қазір оның денсаулығына алаңдамауға болады, деді өз сөзінде Сұлтанбек Тұмашев.

Дәрігерлер бүгінгі таңда кішкентай науқастар өздерін жақсы сезінетінін, алдағы уақытта қосымша ота жасау қажеттілігі жоқ екендігін айтады. Қос сәби айығып, үйлеріне жіберілді.

 

Маңғыстау облысы