• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 28 Сәуір, 2020

Қазақстандағы төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін созылды

1979 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылды.

«Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады»,- деді Президент.