• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2013

«Мейірім» – балаларға жылу сыйлайды

480 рет
көрсетілді

Альмира ТОҚТАРБЕКОВА, ШҚО-дағы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім бастығы:

– Альмира Тоқтағазықызы, «Мейірім» акциясы тұңғыш рет Шығыс өңірінде жүзеге асырылды. Аталған акцияның маңызы неде?

– Облыста 3500-ден астам жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрып жатыр. Олардың ішінен, 2300-ге жуығы – отбасыларда, 1400-ден астамы интернаттық мекемелерде тұрады. Бұл санаттағы балалардың 11 пайызы ғана баспанаға ие.

 

Альмира ТОҚТАРБЕКОВА, ШҚО-дағы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім бастығы:

«Мейірім» – балаларға жылу сыйлайды

– Альмира Тоқтағазықызы, «Мейірім» акциясы тұңғыш рет Шығыс өңірінде жүзеге асырылды. Аталған акцияның маңызы неде?

– Облыста 3500-ден астам жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрып жатыр. Олардың ішінен, 2300-ге жуығы – отбасыларда, 1400-ден астамы интернаттық мекемелерде тұрады. Бұл санаттағы балалардың 11 пайызы ғана баспанаға ие.

Осы мәселені шешу үшін Шығыс Қазақстан облысы республикада алғаш рет жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірледі. Кешенді жоспардың мақсаты – аталған санаттағы балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету жолымен жақсарту. Яғни, бар­лық санаттағы балалардың сапалы білім алу, медициналық және әлеу­меттік қызметтерді пайдалануына жағ­дай жасау, ауыр тұрмыстық жағ­дай­дағы балалар құқықтарын қорғау үшін кешенді шаралар жүйе­сін қалыптастыру, балаларды ойда­ғыдай әлеуметтік бейімдеуге жағдай жа­сау және жұмыспен, тұрғын үй­мен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

– Кешенді жоспарды әзірлеу ар­қылы қандай жұмыстар атқа­рылды?

– Кешенді жоспар қолға алынған 2 жыл ішінде облыста қыруар жұмыс атқарылды. Бірінші кезеңде, 2011 жылдан бастап, балалар үйінің тәрбиеленушілері мемлекеттік органдар мен өңірдің ұйымдары, шағын, орта және ірі кәсіпорындарға әлеуметтік-патронаттық қолдау көр­сету үшін бекітілді.

Отбасыларда тәрбиеленіп жат­қан жетім балалар да шетте қалмады. Барлық қалалар мен аудандарда «Мейірім» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, мемлекетттік органдар мен ұйымдар, бизнес құрылымдар өкілдерімен әлеуметтік келісімшарттар жасалды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті бас­қару органдары, банктер, ірі кәсіп­орындардан бастап, шағын шаруа қо­жалықтарына дейін, үкіметтік емес ұйымдар, барлығы 1770 патронаттық ұйым 1700 же­тім балалар мен ата-анасының қамқор­лы­ғынсыз қалған балаларды қамқор­лығына алды.

Балалардың шоттарына 90 миллионға жуық ақша ауда­рыл­ды. Бұл қаржыға олар тұрғынүй­құ­ры­лысжинақ жүйесі арқылы төмендетілген пайызбен тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болады.

Патронаттық ұйымдар ақша аударып қана қоймай, бала­лар­ға тәрбие беруде, балалар үйі тәрбие­ленушілерінің қоғамда әлеу­меттік бейімделуіне белсенді қатысып, жұмыспен қамтамасыз етуіне көмек­теседі, жазғы лагерьлерге жолдама ұсыну арқылы балалардың дема­лысы мен бос уақытын ұйым­дастыруға қолғабыс етеді. Сон­дай-ақ, рухани-адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуге қатысады.

Мысалы, Курчатов қаласының білім беру ұйымдары Шүлбі ауылында орналасқан облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін Курчатов қаласы бойынша серуендетіп, «Жағалау» жазғы сауықтыру лагерін­де демалыс ұйымдастырды. Абай ауданының патронаттық ұйым­дары хакімнің соңғы он жыл ғұмыры өткен Жидебайға саяхат ұйымдастырса, Бородулиха ауданы Жаңашүлбі балалар үйінің тәрбиеленушілерін Астана, Семей қалаларында серуендетті. Семей, Курчатов қалалары мен Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарының патронаттық ұйымдары тұрғын үй алуға жәрдемдесті.

Сонымен қатар, кешенді жос­парға қатысқан және патронаттық ұйымдарға бекітілген балалар туралы мәліметтер базасы құрылды. Алдағы уақытта мәліметтер базасын жаңарта отырып, балалардың өмірін бақылау жоспарланып отыр.

Әңгімелескен

Думан АНАШ,

журналист.

Өскемен.

Соңғы жаңалықтар