• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Маңғыстау: ТЖ кезінде 164 көлік пен 221 жүргізуші куәлігі онлайн тіркелген

178 рет
көрсетілді

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері egov.kz порталы арқылы онлайн түрде 4 306 автомобиль тіркелді. Ал, облыс бойынша 164 көлік онлайн тіркелген. Оның ішінде 12 автокөлікке салоннан сатып алынған бойында онлайн рәсімделген. Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электрондық үкімет порталында ала алады.

- Біз мамандандырылған ХҚО-лар жабылғаннан кейін азаматтар арасында портал арқылы көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі сұранысқа ие болмайды деп болжадық. Себебі әлі де көбісі көлікті автоХҚО-да тіркеуді жөн көреді. Бірақ статистика көрсеткендей, қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде де көлік сатып алып, оны өздігінен қайта тіркеуге қоя алады, деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Ербол Байжігіт.

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде қолжетімді. Оны онлайн режимінде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып, egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұраныс жіберуі керек. Егер бар болса, электрондық үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды. Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін мемлекеттік нөмір және техпаспорт үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. Сатып алушы мәмілені өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды. Кейін автоХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен техникалық төлқұжатты алып кету үшін барады.

 

 

Маңғыстау облысы