• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2020

Маңғыстау нейрохирургтері науқастың ішкі ұйқы артериясының аневризмасына ота жасады

387 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургтері күрделі ота жасады. Дәрігерлер өз тәжірибесінде бас миының алып аневризмасы бар мұндай көлемдегі науқасты алғаш көруі екендігін жасырмады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

1964 жылы туған науқас үстіміздегі жылдың ақпан айында өзін алғаш рет жайсыз сезінген, көзінің көру қабілеті нашарлап, басы бірнеше рет ауырған. Сөйтіп осы айдың басында дәрігерлік көмекке жүгінген. Магнитті-резонансты топография жасалып, диагноз қойылған.

- Біздің тәжірибемізде мұндай алып аневризманың 2,5 см көлемінде алғаш рет кездестірдік. Уақытында қаралмаған жағдайда науқастың инсульт алуы мүмкін еді. Аневризма сезімтал көру жүйкесін қысып тастаған, бұл өз кезегінде мидың басқа да бөліктеріне зиянын тигізе бастаған. Нәтижесінде көздің көруі нашарлай түскен. Егер осылай жалғаса берсе бұл мидағы қан тамырлары жарылып, мүгедектікке әкеліп соғуы мүмкін еді. Бас сүйекті ашу қажеттілігі жоқ деп шешкен болатынбыз, себебі бұл өте қауіпті. Ойлана келе эндоваскулярлы ота жасау қажет деген тоқтамға келдік. Ота жасау 4,5 сағатқа жалғасты. Науқастың қазір жағдайы жақсы, үйіне қайтаруды жоспарлап отырмыз, дейді Думан Мырзабеков.

Ең бастысы ота жасау кезінде дәрігерлер заманауи жолды таңдаған. Нәтижесінде науқаста отадан кейін тыртық қалмады және ертесіне өздігінен емін-еркін жүріп қозғалуына кедергі жоқ.

 Айта кету керек, нейрохирург Думан Молдабекұлы бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығында біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс жасап, тәжірибеі мамандардан тәлім алған. Соның жемісі болса керек, облыстық ауруханада жасалған ота сәтті аяқталды. Басқарма өкілдігінің айтуынша, осындай диагнозы бар науқастарға бұдан былай ат терлетіп басқа өңірлерге бару қажеттілігі жоқ, енді күрделі оталар өзіміздің өңірде де жасала бермек.

 

 

 

Маңғыстау облысы