• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

«Даму-Көмек» көмекке келді

320 рет
көрсетілді

«Даму-Көмек» бағдарламасы мүм­кіндігі шектеулі жандар арасындағы кәсіпкерлер үшін демеушілер тауып беріп, қам­көңіл жандардың алғысына бөле­ніп жүр. Бұл жұмыс одан әрі жал­ғастырылуда. Жақында «Даму» қорының Ақтөбе ай­мақ­тық филиалы екінші топ­тағы мүгедек Сал­танат Салха­ди­новаға демеушілік кө­мек ұйымдастырды. Қор Сал­та­нат Жағыпарқызына су жаңа ноутбук сыйлады.

Ол мүмкіндігі шектеулі болса да екі бала өсіріп отырған қай­сар ана. Мамандығы бойынша – тауартанушы, бухгалтерлік есеп бойынша оқыту курстарынан өткен. Соңғы 20 жыл бойы ол буын ауруымен ауырады. Алайда, қол қусырып қарап отыруды жаны қаламайтын Салтанат бухгалтерлік курста оқып шыққаннан кейін кәсіпкерлік нысандарына бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу бойынша қызметтер көрсетумен айналысып келеді. Мұндай қызметті жүзеге асыру үшін ноутбук қажеттігі белгілі. Оны сатып алуға мұқтаж бол­ған­дықтан «Даму» қорына кө­мек көрсетуді сұрап, өтініш біл­дірген. – Танысым арқылы «Даму-Көмек» бағдарламасы ая­сында мүгедек кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек туралы естідім. Содан кейін қордың аймақтық филиалына өті­ніш білдірдім. Маған көмек көр­се­­тетін мейірімді адамдардың та­бы­латындығына сендім, дейді ол.

Сенім алдамады, қысылғанға қолдау көрсететін жақсы адамдар табылды. Оған демеушілік көмекті мұнай өнімдерін уақытша сақтау қызметімен айналысатын «Нұрлы Мұнай» ЖШС көрсетті. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, компания басшылығына «Даму» қоры атынан арнайы алғыс хат табыс етілді.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар