Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов мәлімдеді.
- 2020 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 349 мың шаршы метр (өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 94,7%, 2019 жылы 369 мың ш.м.) тұрғын үй қолданысқа берілген. Салынып жатқан тұрғын үйлердің негізгі бөлігін ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған. Жыл соңында 1 млн 200 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде, деді Нұрлыбай Аққұлов.
Оның ішінде жеке тұрғын үй – 238,332 мың шаршы метрді құраса, көпқабатты тұрғын үй – 111,103 мың шаршы метрді құрамақ. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі 22,4 млрд теңгені құрады және өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 101,2% құраған.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі 28,9 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 101% болды.
Бағдарламаның орындалуына 2020 жылы республикалық бюджеттен 10,1 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарланған 679,6 млн теңге толықтай игерілген.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, жалпы бұл бағдарлама бойынша іске асырылып жатырған жобаларда 925 уақытша және 50 тұрақты жұмыс орындары ашылады деп күтіледі.