Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ішкі әуе рейстерді қайта іске қосқан соң санитарлық-карантиндік бақылауды күшейтуге қатысты негізгі талаптарды атады.
«Жолаушының COVID-9 жұқтырмағаны туралы анықтамасы болуы керек. Сондай-ақ жолаушылар ұшақ ішінде арақашықтық сақтап, яғни араға бір орындық қалдырып отырулары керек. Үшіншіден, ұшақта әр жолаушы медициналық маска киіп отыруға міндетті. Төртіншіден, ұшақ бортында дезинфекция жасау шаралары күшейтіледі», - деді Сәдуақас Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.