Бұл туралы Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
«Ұшақ ішінде жолаушылар анкета толтырады. Ұшақ қонған соң анкета әуежайдағы санитарлық-карантиндік пунктке беріледі. Ұшақтан түскеннен кейін байланыссыз термотерия сияқты қосымша шаралар жасалады. Бұл шаралар жолаушы өзін жайсыз сезінген жағдайда керекті стационарға апарып, диагноз қойып, қысқа мерзім ішінде кімдермен байланыста болғанын анықтап, тиісті шаралар қолдану үшін керек», - деді Сәдуақас Байғабылов.