• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2013

Түркия соты кінәлілерді жазалауға бекінді

400 рет
көрсетілді

Түркия соты маусым-шілде айларында Гези саябағын қорғауға бағытталған наразылық акциялары кезінде шерушілерге асыра күш қолданған полицияның 32 офицері мен 132 қызметкеріне қарсы істі қарауды бастады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Жалпы, Ыстамбұлдағы Гези саябағын бұзу мәселесіне қатысты өткізілген наразылық акциясы бір жарым айға созылған болатын. Ал ереуіл кезінде бес адам қаза тауып, көбісі жарақат алды. Әлеуметтік желілерде бұл деректі айғақтайтын бейне баяндар да көрініс тапты. Енді жергілікті сот осы оқиғаның ушығуына тікелей кінәлі болған жауапты тұлғаларға қатысты шешім шығаруға бекінді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар