Күшейтілген карантинді елемейтіндердің бірі көлік руліне мас күйінде отырып, тәртіп сақшыларының назарына ілінді.
Алкогольдік ішімдікті ішкенімен қоймай, 28 жастағы жүргізуші 28 сәуірде «Opel-Astra» көлігімен қаланы аралауға шығыпты. Алайда, қала көшелерінде қалағанынша қыдыра алмады. Себебі, полиция қызметкерлері оны түнгі сағат 02:15 шамасында Сәтбаев-Владимирский көшелерінің қиылысында тоқтатты.
«Тексеру кезінде 1992 жылы туған азаматшаның алкогольдік ішімдік ішкені байқалып, медициналық сараптама тағайындалды. Дәрігер-наркологтың қорытындысымен жүргізушінің орта дәрежелі мас екені анықталды. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен және 476-баппен хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Атырау қаласында бір тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 50-ге жуық адам ұсталды.