Осы сәтке дейін Алматы облысында тағы да 8 тұрғынның індет жұқтырғаны анықталды. Ал бүгінгі мәлімет бойынша аймақтағы коронавирус белгісі анықталған науқас саны 122 адам болды.
- Еңбекшіқазақ ауданында COVID-19 инфекциясының 8 жағдайы тіркелді. Олар 23-56 жас аралығындағы азаматтар. Наусқастар 15 сәуірде короновируспен ауырған адаммен қарым-қатынаста болғандардың арасынан шықты. Үшеуі де күдікті ретінде карантиндік стационарға жатқызылған еді. Бүгін вирусологиялық тексеру қорытындысы оң болғандықтан олар аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.