• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

15 минутта кредиттік тарих

445 рет
көрсетілді

«Электронды үкімет» порталы «Дербес несие есебін алу» жаңа қызметін іске қосуда. Еgov.kz. порталын әрбір қолданушы өзінің кредиттік тарихын 15 минут ішінде тексере алады. Қызмет «Салық және қаржы» тарауының «Экономика және қаржы» бөлімінде орналасқан.

Есепті алу үшін Қазақ­стан­ның белгілі бір банкінің төлем картасы мен электронды-цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болу керек.

Қазақстан Респуб­лика­сын­дағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңының 21-бабының 2-тарауы бойынша кредиттік тарих субъектісі, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.

Осы қызмет бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде қайталап жүгінген жағдайда, төлем 500 теңге (кредиттік бюро тарифі 400 теңге және 100 теңге порталдың төлемдік шлюзі арқылы төлем жасалғандығы үшін банктің комиссиясы) болады.

Жеке кредиттік есептемеде қарыз алушы жайлы және оның оған берілген міндеттемелерді орындауы туралы, тауар немесе қызметтерді несиеге ұсынатын, екінші деңгейдегі банктерден, лизигтік және тағы басқа да компаниялардан келіп түсетін, толық ақпараттар бар болады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар