• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Мамыр, 2020

Бүгін Жамбылда коронавирустың тағы 13 жағдайы анықталды

566 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында соңғы тәулікте коронавирус індетін жұқтырудың тағы да 13 жаңа жағдайы тіркелді. Тараз қаласынан 1981 жылы туған ер адам және 1986 жылы туған әйел анықталып отыр. Олар бұған дейін науқастармен байланыста болып, ауру жұқтырып алған. Сонымен қатар, Жамбыл және Байзақ аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді.

Науқастардың бірі 39 жастағы ер адам болса, екіншісі 5 жасар бала. Олар да науқастармен жақын байланыста болған азаматтар болып шықты. Сондай-ақ, Атырау облысы Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер арасында 9 оқиға анықталды. Белгіленген алгоритмге сәйкес, олар облысқа келгеннен соң карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша оларға COVID-2019 диагнозы қойылған.

Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, бүгінде барлық науқастар инфекциялық стационарға орналастырылған. Олар онда қажетті ем шараларын қабылдайтын болады. Ал, науқастармен байланыста болған тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылған. Ағымдағы жылғы 1 мамыр күнгі жағдай бойынша бүгінде Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 132 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде Тараз қаласында 58, Байзақ ауданында 6, Жамбыл ауданында 5, Қордай ауданында 36, Меркі ауданында 3, Мойынқұм және Шу аудандарында бір-бір науқастан анықталған. Сондай-ақ, Үндістан елінен келген «Дели – Тараз» рейсінің жолаушылары арасынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталған. Індет жұқтырғандардың ішінен 46 адам емделіп, олар дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

 

Жамбыл облысы